ХАБАРЛАНДЫРУ

Арыс қаласының «Жер қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес, КОНКУРС жариялайды.

Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: Конкурс 2023 жылы 31 мамыр сағат 10-00 де Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі №9 «А» үйде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының екінші қабатының мәжіліс залында өткізіледі.

Өтінімдер беру мерзімі мен орны: Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан күннен 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін басталады және 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 30 мамыр сағат 19-00 ге дейін Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі №9 «А» үйде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының 2 қабат, №23 бөлмесінде (кабинет) Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Дата публикации
13 апреля 2023