Келесской районной территориальной избирательной комиссии Решение №75

 

Абай ауылы                                                                      2023 жылғы 20 қаңтар.

 

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған

Келес аудандық мәслихаты

депутаттарының кезектен тыс сайлауын 
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын

бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  2023 жылғы 20 қаңтардағы №18/669, №18/671 қаулыларын басшылыққа алып, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Келес аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы шешім Келес аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.  
  3. Осы шешім Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында, «Келес келбеті» газетінде жариялансын.


Келес аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                              Ж.Альсеитов

 

 

Комиссия хатшысы                                                               Ә.Нумұханбет

 

 

 

Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 20 қаңтардағы                      № 75 шешіміне №1 қосымша

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Келес аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, «Келес келбеті» газетінде жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

                 (14-б. 6) т., 22-б.)

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)            

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

         4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Бірмандаттық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

(103-б.)

6. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

 

          8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың тіркеу  

                                      Тиісті округтік сайлау комиссиялары

                                      2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 18 ақпанда         

                                      жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

                                                                                                                         (104-б.)

           9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы Келес аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды, олардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.)

11. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

 (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт.,  31-б.)

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                        (104-б. 2-т.)

13. Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу   

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін  

                                                                               (34-б. 6-т.)

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың, саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                               

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру                                

 

Аудан әкімі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2023 жылғы 18 ақпанға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                           

 

Кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

          17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 26 ақпанға дейін

(26-1 б. 1-т.)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                            

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2023 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей

                                                                  (26-б. 1-т.)

         20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 9 наурызға дейін                                                             

         21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 9 наурызға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы 16 наурыздан ерте емес және 18 наурызға дейін

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық  мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

28. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

29. Мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу                        

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен кейін екі  күндік мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                

2023 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей

(14-б.  9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)

30. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей                                                                           

2023 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей

                                                                (111-б. 1-т.)

31. Келес аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындылары  туралы хабарды «Келес келбеті» газетінде жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

32.  Сайланған Келес аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                         

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                 

33. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

 

 

Кандидаттар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

           

          

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
26 января 2023