Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

КЕЛЕС АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ШЕШІМІ №69

 

 

Абай ауылы                                                                                 04 қаңтар 2023 жыл

 

 

 

Келес ауданының Ақтөбе ауылдық

округі әкімін сайлау жөнінде

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Келес ауданының ауылдық округі әкімін сайлау үшін төмендегі

сайлау округі құрылсын:

 

  • Ақтөбе ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі - Ақтөбе сайлау округі Ақтөбе ауылының шекарасында;

 

 

  1. Сайлау округінің тізімін олардың шекараларын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсетілген ақпарат жергілікті баспасөз «Келес келбеті» газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.

 

 

Келес аудандық аумақтық сайлау

комиссиясы төрағасының м.у.а                                                     Б.Абдиев

 

Келес аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                              М.Мамаев

Дата публикации
05 января 2023