Келес ауданының жекелеген ауылдық
округтер әкімдерін сайлауы бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Келес ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін төмендегі
сайлау округтері құрылсын:
- Бозай ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі - Бозай сайлау округі Бозай ауылының шекарасында;
- Қошқарата ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі - Қошқарата сайлау округі Қошқарата ауылдық округінің шекарасында;
- Ұшқын ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі - Ұшқын сайлау округі Ұшқын ауылдық округінің шекарасында;
- Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсетілген ақпарат жергілікті баспасөз «Келес келбеті» газетінде және Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасына жариялансын.
Келес аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж.Әлсейтов
Келес аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Мамаев