Түркістан облысы, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мәжілісінің №39 ХАТТАМАСЫ

Абай ауылы. «13» қазан 2022 жыл.

Оқу – әдістемелік көмек жиынына қатысқандар:
Облыстық АСК мүшелері;
Аудандық АСК мүшелері;
УСК төрағалары және хатшылары:
Жиынға қатысқандардың жалпы саны 130 адам.

Күн тәртібі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы кандидаттардың сенімді өкілдері және байқаушылармен жұмыс жасау туралы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының алдында сайлау жүейсі бойынша оқу – әдістемелік семинар кеңесі туралы.

Хабарламашы – Ж.Әлсеитов
Жиналысты ашып, жүргізіп отырған АСК төрағасы Ж.Альсеитов 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына ұсынылған кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Президенттікке кандидаттарды тіркеу жұмыстары 21 қазанда аяқталады, тіркелген кандидаттардың сенім білдірген адамдары сайлауалды үгіт жұмыстарын бастайтығындарын айта келіп, олардан заң талаптарын қатаң сақтауды, өзге кандидаттардың ар- намысына, іскерлік қабілеттігіне тиіспеу, қара пиармен айналыспауды, ел арасында татулық, ынтымақ сақталуы керектігін, оларды бұзғандарға заң талаптарына сәйкес шара қолданынлатынын баса айтып, кандидаттарға табыс тіледі.
Облыстық АСК мүшесі Г. Махамбетова кезекті сөз алып УСК мүшелері өз міндеттері мен құқықтарын біліп алуларын айтып өтті. Қазақстан Республикасы Президенттігіне тіркелген кандидаттардың сенім білдірілген адамдар және байқаушылар, БАҚ өкілдері заңды түрде жұмыс жасауды нақтылап айтты. Сонымен қатар, сенім білдірілген адамдардың байқаушылардың, БАҚ өкілдерінің міндеттері туралы да айта өтті. УСК мүшелерінің біліктілігін арттыру үшін сайлау туралы заңда көзделген тест сұрақтарына жоғары деңгейде дайындалып тестілеуден өту керектігін нақтылап айтты. Жиын барысында УСК төрағаларымен сұрақ жауаптар қойылып сайлау жүйесі бойынша пікірталас жүргізілді.
Облыстық АСК мүшесі Б.Ускенбаев кезекті сөз алып АИС сайлау жүйесі бойынша және сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Облыстық АСК мүшесі Г. Махамбетова және АСК төрағасы Ж.Альсеитов қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілген соң, жиналысты қорытындылап жиын жабылды.

Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ

1. Семинарда талқыланған мәселелерді учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне түгел жеткізу учаскелік сайлау комиссиясының төрағаларына жүктелсін.

2. Осы тапсырманың орындалуын бақылауға алу АСК хатшысы М.Мамаевқа жүктелсін.


Комиссия төрағасы                                                      Ж.Әлсеитов

 

Комиссия хатшысы                                                       М.Мамаев

 

Дата публикации
17 октября 2022