Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың басынан бері салымшылар мен алушыларға 16,5 миллионнан астамқызмет көрсетті. Оныңішінде11,3млн-нанастам операция электрондықформатта, 4 млн-нанастамы – автоматтытүрдежүргізілді. Осылайша, қазақстандықтарзейнетақықызметтерінің93%қашықтан алды.
БЖЗҚ салымшылары бір-екі батырманы басып-ақ жекезейнетақышотынанүзіндікөшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғытуралыанықтама алып, өздеректемелерінеөзгерістер мен толықтыруларенгізіп, 1 немесе 2 топтағымүгедектіктіңмерзімсізбелгіленуінебайланыстызейнетақытөлемдерінтағайындаутуралы, сондай-ақ,еріктізейнетақыжарналарыбойыншаөтінішберіп,төлемгеөтініштіңмәртебесінқадағалап және т.б. қызмет түрлерін ала алады.
Міндеттізейнетақыжарналарын (МЗЖ), міндеттікәсіптікзейнетақыжарналарын (МКЗЖ) жәнееріктізейнетақыжарналарын (ЕЗЖ) есепкеалубойыншажекезейнетақышоттарынавтоматтытүрдеашу – өтінішсіз қызмет көрсету форматында жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна түскенде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер арқылы сәйкестендіріледі. Салымшының қолданыстағы құжатының деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметті БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, Қор салымшыларына 4 миллионнан астам қызмет автоматты түрде көрсетілді.
Кейбір қызметтерді алу үшін (мысалы, мұрагерлік бойынша немесе тұрақты тұруға шетелге кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу) құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет, оны пошта арқылы немесе жеке өзі не БЖЗҚ кеңсесінде сенім білдірілген адам арқылы ұсынуға болады. Сонымен қатар, Қор мамандарына көзбе-көзжүгінудіәлі күнге дейін жөн көретін салымшылар да бар. Сондықтан жыл басынан бері БЖЗҚ бөлімшелері арқылыҚазақстан бойынша салымшылар мен алушыларға дәстүрлі түрде 727,2 мыңдай қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Қордың жақын жердегі бөлімшесін enpf.kzсайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы оңай табуға болады.
Көшпелі қызмет көрсету барысында шамамен 34,1 мың операция жүргізілді. Қордың мұндай қызмет көрсету түрі, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (мерзімсіз мүгедектігі бар 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер) салымшыларға (алушылар) арналған.
«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қор салымшыларына зейнетақы қызметтерін ұсыну жөніндегі бірлескен жобасы аясында 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 347 пошта бөлімшесінде 5,6 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардан түрлі байланыс арналары арқылы түскен455,6 мыңнан астам өтінішөңделді.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары байланыс орталығына 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) хабарласып, сондай-ақ,enpf.kz корпоративтік сайты,+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber мессенджерлеріндегі чат-бот арқылы, БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте,Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында ақыл-кеңес ала алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).