Қайырлы күн! Мен қазір мобильді қосымша арқылы жолаушы тасумен айналысамын, әрі ешқандай зейнетақы төлемдерін аударып жүрген жоқпын. Өз бетімше міндетті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 24-бабы 7-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, ұсталған (есептелген) МЗЖ-ны бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Осылайша, өз пайдаңызға БЖТ төлей аласыз. Ол бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың қызметін тіркеудің оңтайландырылған тәртібін көздейді.  Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе тәуелсіз жұмыскерлер – бұл тауар өндіру (сату) бойынша өз қызметін, жұмысы мен қызмет түрін мемлекеттік тіркеусіз табыс алу мақсатында өз бетінше жүзеге асыратын жеке тұлғалар. Осы санатқа жеке кәсіпкерлер (ЖК), жеке тәжірибемен (ЖТ) айналысатын тұлғалар, акционерлік қоғам акционерлері (қатысушы), шаруашылық серіктестік құрылтайшылары (қатысушы), өндірістік кооператив мүшелері жатпайды. Басқаша айтқанда, бұлар жұмыс берушімен арада ресми түрде қол қойылған еңбек шартынсыз нәпақасын тауып жүргеназаматтар.

Салық кодексінің 774-бабына (Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі) сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады:

1) БЖТ төлейтін;

2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) акцизделетін өнімді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығынан  өндірген ауыл шаруашылығы өнімін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызметтер көрсететін және (немесе) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізеді. Бұл ретте БЖТ төлеушінің осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын табысының мөлшері күнтізбелік жыл үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1175 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жеке тұлғалар БЖТ төлеу жүргізілген күннен бастап БЖТ төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдерді үлестіруге ыңғайлы болу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ-ны қолма-қол ақшамен, не банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына бір реттік төлем тапсырмасын қолма-қол емес тәсілмен жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорация БЖТ-ны жеке табыс салығына (әрі қарай – ЖТС) (10% бюджет) әлеуметтік аударымдарға (МӘСҚ 20%), МЗЖ (БЖЗҚ 30%) және міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘСҚ 40%) ретінде бөледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға, МЗЖ төлеуге және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға, еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босану, бала асырап алған, бала бір жасқа толғанша бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.

Бұдан басқа, болашақта неғұрлым жоғары зейнетақы төлемдерін алу үшін Сіз өз пайдаңызға ерікті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – ЕЗЖ) төлей аласыз. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңділігін жеке немесе заңды тұлға өз бетінше белгілейді.

ЕЗЖ-ға, сондай-ақ, МЗЖ сияқты сіздің жинақтарыңызды айтарлықтай ұлғайта алатын инвестициялық табыс қосып есептеледі.

Айта кетейік, ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ға  түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негіз болып табылады. Осылайша, салымшыға (алушыға) Қор кеңсесіне барудың қажеті жоқ,  пайдасына ЕЗЖ аударылған  тұлғаның жеке басын сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал барлық қажетті мәліметтер: тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы басқа да мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген ЕДБ жарналарды онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа, жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі бар, осының негізінде ол өтініш берушінің, не үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға ЕЗЖ тұрақты түрде аударатын болады.

Дата публикации
26 мая 2022