ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұданәрі – Заң) 50-бабының 3-тармағынасәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе ақша өндіріп алуға жолберілмейді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 98-бабы, 14) тармақшасына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтары – өндіріп алуға болмайтын қаражат сомасына жатады.
Осылайша, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарын сот орындаушысының немесе кез-келген үшінші тұлғаның өндіріп алуы мүмкін емес.