БЖЗҚ қосымшасына, enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетке»кірген кезде сіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында,ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, Қордың базасында тіркелген нөмірге ғана SMS-код жібереміз.
Жеке деректерді жаңартудың екі әдісі бар:
- enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлімінде «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөлімшесін таңдап, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ)көмегімен парақшаға кіріңіз;
- БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесі арқылы.