Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ № 33

 

 

Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ № 33

 

Абай ауылы                                                                                        16.03.2022 жыл.     

 

 

А.Б. Муканова туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 111-1 бабының 6 тармағы мен 46- бабы 3- тармағының 1- тармақшасы талаптарын басшылыққа алып, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. «АҚ ЖОЛ» ҚДП филиалының басшы органының 2022 жылғы 16 наурыздағы №2 шешімімен, шығып қалған депутаттың орнына, партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың арасынан айқындалған кандидат Муканова Асель Булатовна Келес аудандық мәслихатының депутаты болып тіркелсін, оған мәслихат депутатының куәлігі және Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі омырауға тағатын белгі берілсін.
  2. Осы шешім Келес аудандық мәслихатына жолдансын.
  3. А.Б.Муканованың Келес аудандық мәслихатының депутаты болып тіркелгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Негізі: Келес аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 наурыздағы №12-106-VII шешімі.

«АҚ ЖОЛ» ҚДП филиалы басшы органының 2022 жылғы 16 наурыздағы №2 шешімі.

 

 

 

     Келес аудандық аумақтық

     сайлау комиссиясының төрағасы                                                          Ж.Альсеитов

 

     Келес аудандық аумақтық

     сайлау комиссиясының хатшысы                                                          М.Мамаев

 

 

 

Дата публикации
16 марта 2022