Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2021 жылғы 28 қыркүйек сағат 16:00-де Жер аукциондарын автоматтандыру бойынша геоақпараттық сервис www.auc.iturkistan.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша, оның ішінде электрондық түрде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын, яғни 2021 жылғы 27 қыркүйек сағат 16:00-де аяқталады.
Аукционға қатысу үшін қатысушы ЭЦҚ пайдалана отырып, веб-порталда алдын ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай деректер мен құжаттарды ұсыну қажет:
1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға электрондық өтінім;
2) төмендегі тізбеленген құжаттарды электрондық көшірмелері нысанында ұсыну:
- жеке куәлік деректері;
- байланыс телефоны;
- енгізілген кепілдік жарнаның мөлшері;
- деректемелер;
- кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
- қатысушының жеке куәлігінің және қажет болған жағдайда өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат көшірмесі/мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
- шоттың болуы туралы анықтама (кепілдік жарнаны қайтару үшін)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Конкурсқа қатысу туралы өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу Қағидалардың 27-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
2) Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу Қағидалардың 7, 8-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.
Тексеру нәтижелері бойынша веб-портал көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға веб-портал берген қатысушының нөмірі бар аукционға билет ұсынылады.
Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын "Өткізіліп жатыр" бөлімінде автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген Нұр-сұлтан қаласының уақытында басталады.
Аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалға алу шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мына төмендегі мекенжай бойынша енгізіледі:
Есеп айырысу шоты: «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ; БИН 180940001977; БИК KKMFKZ2A; код 4633523; ИИК Депозиттік шот KZ540705034633523001;
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға веб-портал арқылы өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері қойылады:
|
№ р/с
|
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің мақсатты нысаны
|
Жер учаскесінің көлемі, га |
Берілетін құқықтың түрі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Қошқарата а.о. Қошқарата е.м. |
Мал шаруашылығы комплексі құрылысы үшін |
5,0 |
4 жыл 9 айға жалдау құқығы |
|
Жер учаскесіне барлық ауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі |
Жер учаскесін жалдау төлемінің мөлшері (1 жылға, теңге) |
Сауда-саттықты өткізу тәсілі мен әдісі |
Бастапқы баға, теңге |
Кепілдік жарна, теңге, |
|
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
жоқ |
1135 |
ағылшындық сауда-саттық әдісімен |
524 875 |
145850 |
Ұйымдастырушы: «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Ақпарат үшін телефон: 8-700-325 05 90