Келесский районный территориальный избирательный округ Туркестанской области заседания комиссии Протокол №35

Түркістан облысы, Келес аудандық аумақтық сайлау

комиссиясы мәжілісінің

№35 ХАТТАМАСЫ

 

Абай ауылы.                                                         «19» шілде 2021 жыл.

 

Қатысқандар:

Әкімдікке кандидаттар;

АСК мүшелері;

Құқық қорғау органдарының өкілдері:

 

Күн тәртібі:

Ауыл және ауылдық округі әкіміне кандидаттарға, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу үшін заң талаптарын түсіндіру және Республиканың бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №29 бұйрығының мазмұнымен таныстыру туралы

 

        Хабарламашы – Ж.Әлсеитов

Жиналысты ашып, жүргізіп отырған АСК төрағасы Ж.Альсеитов 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Абай ауылы, Алпамыс батыр, Бірлік, Жүзімдік, Қошқарата ауылдық округтері әкімдігіне ұсынылған кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары сайлауалды үгіт жұмыстарын бастап жібергендері туралы айта келіп, олардан заң талаптарын қатаң сақтауды, өзге кандидаттардың ар- намысына, іскерлік қабілеттігіне тиіспеу, руға, ұлтқа бөлінбеу керектігін, қара пиармен айналыспауды, ел арасында татулық, ынтымақ сақталуы керектігін, оларды бұзғандарға заң талаптарына сәйкес шара қолданынлатынын баса айтып, кандидаттарға табыс тіледі.

АСК төрағасы Ж.Әлсейтов Республиканың бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №29 бұйрығының мазмұнымен таныстырып, сайлау процесінің барлық қатысушылары (УСК мүшелері, сайлаушылар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, БАҚ өкілдері) вакцина салдыруы немесе ПЦР тесттен өтуі қажет. Сондай-ақ маскасыз болса, дауыс беру жайына кіргізілмейтінін, дауыс беруге келген сайлаушының температурасы жоғары болса, ол  оқшауланатынын, оған «жедел жәрдем» шақырылатынын түсіндірді. Ол сонымен қатар, сенім білдірілген адамдардың байқаушылардың, БАҚ өкілдерінің міндеттері туралы да айта өтті.

АСК төрағасы Ж.Альсеитов және АСК хатшысы М.Мамаев қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілген соң, жиналыс жабылды.

 

Комиссия төрағасы                                                         Ж.Әлсеитов 

 

Комиссия   хатшысы                                             М.Мамаев  

 

Дата публикации
19 июля 2021