Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясыының
ШЕШІМІ №18
Абай ауылы 25.06.2021 ж
Келес ауданының жекелеген ауылдық
округтер әкімдерін сайлауы бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Келес ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін төмендегі сайлау округтері құрылсын:
- Абай ауылының әкімін сайлау жөніндегі - Абай сайлау округі Абай ауылының шекарасында;
- Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі - Алпамыс батыр сайлау округі Алпамыс батыр ауылдық округінің шекарасында;
- Бірлік ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі - Бірлік сайлау округі Бірлік ауылдық округінің шекарасында;
- Жүзімдік ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі - Жүзімдік сайлау округі Жүзімдік ауылдық округінің шекарасында;
- Қошқарата ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі - Қошқарата сайлау округі Қошқарата ауылдық округінің шекарасында;
- Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін (Абай ауылы А.Жылқышиев аллеясы №12) көрсетілген ақпарат жергілікті баспасөз «Келес келбеті» ақпарат құралдарында жариялансын.
Келес аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж.Әлсейтов
Келес аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Мамаев