Изъятие для государственных нужд земельного участка в связи с постановкой или иной недвижимой принудительного отчуждения имущества о начале выпуска

Түркістан облысы

  Келес ауданы әкiмдiгiнiң

Қ А У Л Ы С Ы

 

«13» 05. 2021 жыл                                                               №136

 

Мемлекет мұқтажы үшін алып

қоюға байланысты жер учаскесін

немесе өзге де жылжымайтын

мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 63, 65, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес және Абай ауылының дамыту және салу схемаларын (бас жоспар) мен ауданның жер қатынастары бөлімінің 2021 жылғы 13 мамырдағы №550 ұсыныс хаттарын қарап, аудан әкімдігі             ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауылы аумағынан ортақ пайдаланудағы объектілердің (мектеп және аллея) құрылысын салу мақсатында осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскесінің иесіне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Ә.Жылқышиев аллеясы, №12А ғимаратта орналасқан «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісім рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдіру ұсынылсын.
  3. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілсін.
  4. Келес ауданының жер қатынастары бөліміне қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерін басқа жерге ауыстыру бойынша қажетті шараларды және осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
  5. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Жаңбырбаевқа жүктелсiн.

 

Аудан әкiмi                                                                    А.Есбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімдігінің

«13» 05 2021 жылғы № 136 қаулысына қосымша

 

 

Абай ауылы аумағынан мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесінің

ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

Р/с

Жер учаскесінің иесі (Т.А.Ә.)

Жер учаскенің орналасқан жері

Жер учаскесінің алаңы га.

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскенің нысаналы мақсаты

1

«Мырзакент-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Абай ауылы, Асан қайғы көшесі, құрылыс 20

9,59

19-326-002-090

Пайдаланудағы мақта қабылдау пункті үшін

 

 

 

Дата публикации
13 мая 2021