Решение Келесский районный территориальный избирательной комиссии

Келес аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

№ 15                                                                                                                                         «02» сәуір 2021 ж.                                                                           

 

 Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау және сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1 бабына және Келес ауданы әкімінің 2021жылғы 9 наурыз  № 677 хатына сәйкес, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 5 мамырына тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну 2021 жылдың 5 сәуірінен басталсын.
  3. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
  5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:                         Ж. Әлсейтов

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы:                         М. Мамаев

 

               

Келес аудандық аумақтық cайлау комиссиясының

2021 жылғы  2 сәуірдегі №15 шешімімен  бекітілді.

 

2021  жылғы 5 мамырға  тағайындалған Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын  әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары

 

 

1.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.                                  2 сәуір 2021 жыл

      Аумақтық сайлау комиссиясы

                                                   (36-1-бап, 3-т)

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының  құрамын жариялау.         

      Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін 7 күннен  кешіктірмей.    

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беру арқылы ұсыну.

        Аудан әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2021 жылғы  5 сәуірінен  басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2021  жылғы  9 сәуірде  аяқталады.         (36-1-бап, 3-т.,3,6)

 

  1. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пункте ілу.   

        Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.  Дауыс беру күніне 7 күн қалғанда – 

2021 жылғы 28 сәуір.                                                                                

                                               (36-1-бап, 10-т,6)

 

  1. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабы 3 – тармағында  және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 36-1 бабында аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

          Аумақтық сайлау комиссиясы

(36-1-бап, 3-т.,8,10,12)

 

  1. Кандидаттар және оның зайыбы (жұбайы). тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша кірістер басқармасына 2021 жылғы

01 сәуіріне табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.      (36-1-бап, 3-т.,9)

 

 

  1. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру.

            Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін  басталады  және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда 2021 жылғы 20 сәуірде аяқталады.                       

(36-1-бап, 6-т.,1,5-т,2)

 

  1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

              Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей.                          (36-1-бап, 5-т,1)

 

  1. Кандидаттар және оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

                Кірістер басқармасы

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациян тапсырған күннен бастап

7 күннің ішінде                         (36-1-бап, 3-т,10)

 

  1. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

        Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін  берген сәттен бастап.                                           

(36-1-бап, 7-т.,2),5,6,7)

 

            11.Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарты негізінде үй-жайлар беру. Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

         Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі  басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті  жүргізу кезеңінде                                           

(36-1-бап, 7-т,1)

 

12.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

        Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнінің алдындағы күні – 2021 жылғы 3 мамырда жергілікті уақыт бойынша 24-00 сағатта аяқталады.

                                                      (36-1-бап,7-т)

 

          13.Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары. Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде.                                            

                                                    (36-1-бап, 9-т)

 

14.Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

         Аумақтық сайлау комиссиясы.

 Кандидат тіркелгеннен кейін.                                                 

(36-1-бап, 9-т)

 

  1. Дауыс беруге арналған пункті ашу, тиісті хаттама жасау.

          Аумақтық сайлау комиссиясы.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

                                                 (36-1-бап, 2-т,4)

 

16.Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау

        Аумақтық сайлау комиссиясы.

        Бір күннің ішінде – 2021 жылғы

5 мамырда                             (36-1-бап, 11-т.,1)

 

17.Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.

          Аумақтық сайлау комиссиясы.

 Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде – 2021 жылғы 9 мамырдан кешіктірмей.

 

 

  1. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беру.

            Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін  5 күннен кешіктірмей –  2021 жылғы

9 мамырдан кешіктірмей.

(36-1-бап, 9-т.,2).3)

 

19.Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

              Аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей-  2021 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей.                      

  (36-1-бап, 11-т.,3)

 

Ескертпе:Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 36-1  "Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу" туралы бабына сілтемелер жасалды.



 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(Келес ауданы мәслихатының «Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы» 11.01.2019 жылғы № 10-68-VІ шешімімен бекітілген.

Түркістан облысы,  Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №83 үй,  «Жастар орталығы» ғимараты. Пошталық индексі 160905.Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының телефон номерлері:  3-03-01.Эл.пошта  keles-sailau@mail.kz

№

Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні, айы, жылы

Ұлты

Білімі, мамандығы

Жұмыс орны, атқаратын қызметі

Мекенжайы:үй,қызмет телефоны

Комиссия мүшесі болып сайланған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Альсеитов Жаппар Серикбаевич

20.01.1955

Қазақ

Жоғары, инженер- құрылысшы

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Абай ауылы, М.Юсупов көшесі,   №8 үй. Жұмыс тел.3-16-94, 87751916967

11.01.2019 ж

2

Абдиев Бахтияр Сапарович

24.04.1971

 

Қазақ

Жоғары, педагог

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Жамбыл ауылдық округі, Майдабозай ауылы, М.Әуезов көшесі, №26. Моб. тел.87755109171

11.01.2019 ж

3

Мамаев Марат Туймебаевич

24.12.1985

 

Қазақ

Жоғары, педагог

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы

Қошқарата а\о, Бәйтерек ауылы, Жеңіс көшесі

№59үй. 87784162018

10.03.2020 ж

№ 24-173- VI

4

Усенов Ерлан Баратович

02.04.1964

 

Қазақ

Жоғары,

инжинер-

құрылысшы

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, жеке кәсіпкер, «Мақташы» ЖШС директоры

Қошқарата ауылдық округі, Мақташы ауылы,М.Шоқай көшесі №18 үй. 87011861207

11.01.2019 ж

5

Елеуишов Еркин Кадырбекович

10.05.1990

 

Қазақ

Жоғары, экономист

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, аудандық мәдениет үйінің бас есепшісі

Абай ауылы,Д.Қонаев көшесі, №8 үй.87024427140

11.01.2019 ж

6

Алимбеков Нуржан Абдразахович

10.07.1986

 

Қазақ

Жоғары, экономист

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ бас есепшісі

Қошқарата а\о, Мақташы ауылы, М.Шоқай көшесі

 №63үй.87757281634

13.11.2019 ж

№ 18-132-VI

 

7

Молданов Абай Илесович

09.02.1992

 

Қазақ

Жоғары, заңгер

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы

село Абай, улица Л.Жолдасова №8 87024568550

04.09.2020 ж

№30-212- VI09.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі әкіміне үміткерлерді жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудан әкімінің жергілікті әлеуметпен кеңес алу, 2021 жылы 06  сәуір күні сағат 11-00-де Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өтеді.

 

 

 

Келес ауданы әкімдігі.

 

 

Дата публикации
04 февраля 2021