Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі Майда Бозай елді мекенінің М.Әуезов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Келес аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 19 қаңтардағы №08-02-03/19 ұсынысы негізінде Жамбыл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Вирусологиялық зерттеу нәтижесінде бір бас мысықтың бас миының сынамасынан «құтыру» ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Майда Бозай елді мекенінің М.Әуезов көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Келес ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Т. Байдуллаев

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 22.01.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6034 болып енгізілді

 

Дата публикации
05 февраля 2021