Құрметті Келес ауданының тұрғындары мен тұтынушылары!
«Келес ауданы су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 54-НҚ бұйрығына сәйкес, ауыз суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 2026 жылғы 1 қазаннан бастап уақытша өтемдік тариф енгізілетінін хабарлайды. Жаңа тариф мөлшері 120,86 теңге/м³ (қосылған құн салығынсыз) болып бекітілді. Осыған орай су өлшегіш құралдарды (есептегіштерді/счетчиктерді) ауыстыру және тексеру талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және «Табиғи монополиялар туралы» Заңының талаптарына сәйкес, тұтынушылар су есептегіш құралдардың жарамдылығын, мемлекеттік тексеруден (поверка) уақтылы өтуін және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. Тексеру мерзімі өткен немесе жарамсыз болып табылған су өлшегіш құралдар заңға сәйкес тұтынушының өз қаражаты есебінен ауыстырылады.
Ескерту (су беруді тоқтату және ажырату туралы) су есептегіш құралдарын белгіленген мерзімде ауыстырмаған, тексеруден өткізбеген немесе заңсыз қосылулар мен берешектерді жоймаған жағдайда, Кәсіпорын тұтынушыны су беру желілерінен ажыратуға (тоқтатуға) мәжбүр болатынын ескертеді.
Қосымша сұрақтар бойынша «Келес ауданы су шаруашылығы» МКК әкімшілігіне хабарласуыңызға болады.
Мекенжайымыз: Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек а/о, Аққорған ауылы, Ынтымақ көшесі, 35 үй.