Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 62-1, 63, 65, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес және Абай  ауылының әкімінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №424 хатына және ауданның жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 03 тамыздағы №570 хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Келес ауданы, Абай ауылын абаттандыру және сәулеттік келбетін жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында «Ауес» өндірістік кооперативіне базар құрылысы үшін берілген 0,467 гектар (кад.№19-296-230-045) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Осы қаулыда көрсетілген жер учаскесінің иесіне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8б үй ғимаратта орналасқан «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісім рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдіру ұсынылсын.
  3. Осы қаулыда көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей өткізілсін.
  4. Келес ауданының жер қатынастары бөліміне (А.Молданов) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелеріне қатысты қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
  5. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсiн.
Дата публикации
24 августа 2026