Келес ауданы Ошақты ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№6 ҚАУЛЫСЫ

Абай ауылы                                                                     2026 жылғы 19 тамыз

 

Келес ауданы Ошақты

ауылдық округі әкімін сайлау

жөнінде сайлау округін құру

туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның  14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

  1. Келес ауданы Ошақты ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Ошақты сайлау округі Ошақты ауылдық округі шекарасында құрылсын.

 

  1. Ошақты сайлау округі шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Келес келбеті» газетінде жариялансын.

 

          

 

Төраға                                                     Ж.Козыбаев

 

 

Хатшы                                                     М.Мамаев

 

Дата публикации
19 августа 2026