
Келес ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саясаты саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Келес ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі - ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.