
«Келес ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат және дін салаларында басшылықты жүзеге асыруға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Дербес бөлім өз қызметінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтауға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, діни қызмет, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруды мақсат етеді.