GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
23 октября 2026
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША

9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету – бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдылық бере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнамаға сай, сапалы әрі қолжетімді көрсетілуін тұрақты бақылауда ұстап келеді.

Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 400-ге жуығы облыстық деңгейде жүзеге асырылады.

2026 жылдың 9 айында облыс бойынша барлығы
19 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 98%-ы электронды форматта ұсынылған. Бұл өз кезегінде өңірде цифрландыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының сақталуына қатысты 167 бақылау іс-шарасы жүргізілді.

Оның ішінде профилактикалық бақылаулар, арыздар бойынша жоспардан тыс тексерулер және уәкілетті орган тапсырмалары бар.

Ең жиі анықталған бұзушылықтар қызмет көрсету тәртібін сақтамау, жұмыс мерзімін бұзу, қызмет көрсету мерзімін сақтамау бойынша орын алған.

Бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары, жеке тұлғаларды тіркеу және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелген.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша 2026 жылдың 9 айында жалпы 610 өтініш түскен.

Осы ретте, Департаменттің ден қою шаралары негізінде
944 азаматтың құқығы қалпына келтірілді
(жоспарлы тексеру – 572, жоспардан тыс тексеру – 24, сыртқы байқау – 304, сұрау салу – 44),
оның ішінде: денсаулық сақтау саласы – 477, білім саласы – 306,
жер қатынастары саласы – 66, сәулет-қала құрылысы саласы – 95.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда:

·             өңірлік «Turkistan TV» арнасында «Елге қызмет» арнайы бағдарламасының 7 шығарылымы эфирге шықты;

·             мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 87 семинар,
14 тікелей эфир, 9 интернет-конференция және 109 жәрмеңке өткізілді;

·             49 қоғамдық кеңес отырысы және 32 қоғамдық бақылау ұйымдастырылды;

·             мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 55 бастамашылық ұсыныс әзірленді.

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен пікірлеріне жедел әрекет ету мақсатында «EgovKZBot 2.0» Telegram-боты арқылы
36 өтінішке түсіндірме берілді.

Аталған жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Айта кету қажет, Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

 

Ержан Нағызханұлы ҚАРЫМСАҚОВ

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

 

 

 

21 октября 2026
44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Әрбір азамат өмір сүру барысында түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі дер кезінде көрсету – мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын арттыру арқылы халықтың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайту мәселесі Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында әрдайым айрықша маңызға ие. Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның ішінде 400-ге жуығы жергілікті (облыстық) деңгейде жүзеге асырылып отыр. Осы орайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру функцияларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері жүйелі түрде атқарады.
Департаменттің бақылау және тексеру іс-шаралары
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты түрде бақылау мен жоспарлы тексерулер жүргізіп келеді. Тексеру жұмыстары барысында заңнама талаптарының сақталуы қатаң назарға алынып, әкімшілік кедергілерді жою шаралары қабылданады. Атап өту қажет, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен реттеледі. Аталған Қағиданың 3-қосымшасының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берілуі тиіс. Сонымен қатар, Қағиданың 6-1-тармағына сәйкес, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған талаптарды сақтауына салыстырып тексеру жүргізеді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісінің есебін қамтамасыз етеді.
Анықталған заң бұзушылықтар мен қабылданған шаралар
Жүргізілген талдау жұмыстары көрсеткендей, жекелеген мемлекеттік органдар тарапынан қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тарту деректері орын алған. Мәселен, қызмет алушылар тарапынан «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» үшін тиісті өтініштер жолданған. Алайда, жауапты Бөлім тарапынан 2025 жылғы 6 наурызда аталған өтініштерге «ақпараттық жүйе қалыпты жұмыс істемеуіне байланысты бас тартылады» деген негізсіз уәжбен бас тарту жауаптары берілген. Тексеру барысында қызмет алушылар Қағидада көзделген қажетті құжаттар топтамасын толық көлемде ұсынғаны анықталды. Осы сияқты жүйелі сипат алған мәндес бұзушылықтар «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» қызметі бойынша 44 өтінішті қарау барысында жіберілгені белгілі болды.
Нәтижесінде, Департаменттің ықпалының арқасында осы 44 қызмет алушының бұзылған конституциялық және заңды құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Қорытынды
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әкімшілік кедергілерді жою және заңдылық қағидаттарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету – бұдан былай да Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мемлекеттік органдардың қызметінде заң бұзушылықтарға жол бермеу бағытындағы бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасатын болады.
 
 
 
 
 
19 октября 2026
«АСАРЛАТУ» АКЦИЯСЫНА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСЫП, АРЫҚ-АТЫЗДАР ТАЗАЛАНДЫ.
Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында облыстық «Асарлату» акциясы өтті.
Игі шараның негізгі мақсаты – арық-атыздар мен суару каналдарын қоқыстан тазарту, су арналарының кедергісіз ағып өтуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, ұлттық құндылығымыз – асар дәстүрі арқылы елді ортақ іске жұмылдырып, бірлік пен ынтымақты нығайту көзделді.
Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылында ұйымдастырылған ауқымды тазалық жұмыстарына 2000-нан астам адам мен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Атап айтқанда, акцияға 120 ерікті, 930 тұрғын және 1050 мемлекеттік қызметші қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында 10 шақырым арық-атыз тазаланып, қосымша 3 шақырым арық қазылды. Сонымен қатар, 20 тонна қоқыс шығарылып, ауыл аумағын абаттандыру мақсатында 1000-ға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Бұдан бөлек, 145 ағаштың діңі әктеліп, ауылдың көркін келтіру және жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.
«Асарлату» акциясы – тек тазалық шарасы ғана емес, сонымен бірге халықты ортақ мақсатқа жұмылдыратын, ауызбіршілік пен жанашырлықты дәріптейтін игі бастама.
19 октября 2026
«АСАРЛАТУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ.
Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында облыстық «Асарлату» акциясы өтті.
Игі шараның негізгі мақсаты – арық-атыздар мен суару каналдарын қоқыстан тазарту, су арналарының кедергісіз ағып өтуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, ұлттық құндылығымыз – асар дәстүрі арқылы елді ортақ іске жұмылдырып, бірлік пен ынтымақты нығайту көзделді.
Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылында ұйымдастырылған ауқымды тазалық жұмыстарына 2000-нан астам адам мен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Атап айтқанда, акцияға 120 ерікті, 930 тұрғын және 1050 мемлекеттік қызметші қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында 10 шақырым арық-атыз тазаланып, қосымша 3 шақырым арық қазылды. Сонымен қатар, 20 тонна қоқыс шығарылып, ауыл аумағын абаттандыру мақсатында 1000-ға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Бұдан бөлек, 145 ағаштың діңі әктеліп, ауылдың көркін келтіру және жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.
«Асарлату» акциясы – тек тазалық шарасы ғана емес, сонымен бірге халықты ортақ мақсатқа жұмылдыратын, ауызбіршілік пен жанашырлықты дәріптейтін игі бастама.
09 октября 2026
ҚАЗЫҒҰРТТА АМЕРИКАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 4,3 млрд теңгеге америкалық технология бойынша заманауи мал бордақылау кешені салынып жатыр. Жоба бір мезгілде 5 мың бас ірі қараны бордақылауға мүмкіндік береді.
🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында Қақпақ ауылдық округінде болып, «Қарқын-2030» ЖШС жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаның құрылыс барысымен танысты.
⤵️Облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамытуда осындай инвестициялық жобалардың маңызы зор екенін атап өтті.
📌– Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және инвестиция тартуға басымдық беріп отырмыз. Әсіресе, мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізіп, өндіріс көлемін арттыру маңызды. Бұл жоба ауданның экономикалық дамуына серпін беріп, тұрақты жұмыс орындарын ашуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да осындай бастамаларды қолдап, ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалануға күш саламыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
🔰16 гектар аумақта орналасқан алаңның құрылысы 2025 жылы басталған. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан кешенде өндірістік үдерістерді автоматтандыру, жем-шөп дайындау, малды күтіп-бағу және қалдықтарды басқару жүйелері қарастырылған.
🔰Нысан ветеринариялық, санитариялық және технологиялық талаптарға сәйкес жабдықталады.
🔰Жоба аясында 5 нысан салу көзделсе, бүгінде 4 нысанның құрылысы толық аяқталды. Кешен толыққанды қуатына биыл қосылады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
🔰Қазіргі уақытта 3700 бас ірі қара мал қабылданып, 2500 бас мал бордақыланған.
🔰Аталған жоба Қазығұрт ауданының мал шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға үлес қосуды көздейді. Сонымен қатар ет өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
09 октября 2026
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.
Аудан тұрғындарымен кездесуден кейін бірқатар азамат облыс әкіміне жеке мәселелерімен жүгінді. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін тыңдаған Нұралхан Көшеров әрбір азаматтың мәселесіне мұқият қарау қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімі қабылдауға келген тұрғындардың барлығын тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын тиісті сала басшыларымен бірге қарады. Кейбір мәселелер бойынша сол жерде жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, бірқатар өтініш бақылауға алынды.
Тұрғындар негізінен тұрғын үй, жер қатынастары, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Нұралхан Көшеров азаматтардың өтініштерін қарау кезінде мәселені тек тыңдап қана қоймай, оның нақты шешімін қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Жауапты басшыларға әрбір өтінішті заң аясында зерделеп, тұрғындарға нақты әрі түсінікті жауап беруді тапсырды.
09 октября 2026
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін талқылады.
2026 жылдың алғашқы сегіз айында ауданның жалпы өңірлік өнімі 102,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8 пайызға өсті. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 39,6 млрд теңгеге жетіп, 36 пайызға артты. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 56,1 млрд теңгені құрап, өсім 61,7 пайыз болды. Аудан биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыстық рейтингте үшінші орынға көтерілді.
– Ауданның әлеуеті зор. Ендігі міндет – осы өсімді нақты нәтижелермен бекітіп, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру. Инфрақұрылымдық жобалар сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылып, халықтың күнделікті тұрмысындағы мәселелер кезең-кезеңімен шешілуі керек, – деді Нұралхан Көшеров.
Ауданда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы тоғыз елді мекенде 1,6 млрд теңгенің жобалары іске асырылды. Биыл жолдарды жөндеуге 755 млн теңге бөлініп, Жіңішке және Қосағаш ауылдарындағы электр желілерін жаңартуға 197 млн теңге қарастырылған. Шарбұлақ ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Атажұрт және Еңбекші ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өткен жылы 632,4 млн теңгеге 69 жоба қаржыландырылды. Биыл 1,2 млрд теңгеге 109 жобаны қолдау жоспарланған. Сондай-ақ 2024 жылы «Үлгілі ауыл» облыстық конкурсында бас жүлде алған Шарбұлақ ауылында 500 млн теңгеге заманауи спорт кешені салынды.
Осы көрсеткіштерге тоқталған өңір басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыруға және өлкенің тазалығы мен көгалдануына әрбір тұрғын жауапты екенін жеткізді. Тұрғындарды игі бастамаға үлес қосуға шақырды.
Кездесуде Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.
Бұдан кейін тұрғындар сұрақтарын қойып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Ашық форматта өткен әңгіме барысында азаматтарға пікірін еркін білдіруге, ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берілді.
Сұрақ-жауаптан кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
08 октября 2026
«ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»
Бүгін Қазығұрт ауданында Ұстаздар күніне орай «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік жиында аудан әкімі Азизхан Исмаилов барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудегі еңбектеріне алғысын білдірді.
– Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, адам тағдырына жауапкершілікпен қарау, ұлттың болашағына қызмет ету. Өйткені мемлекеттің ертеңі бүгінгі мектеп партасында отырған ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Білім мен біліктілік – ел дамуының басты қозғаушы күштерінің бірі. Осы жолда сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздың маңызы айрықша. Ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген өлшеусіз еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.
Шара барысында білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланды.
Атап айтқанда, бірқатар педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Ыбырай Алтынсарин» медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің, Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының Құрмет грамоталарымен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік кеште аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары ұстаздар қауымына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сахналық қойылымдар мен әсем әндерден шашу шашты. Сонымен қатар, «Балауса» халықтық би ансамблі өздерінің әсерлі билерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
08 октября 2026
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 9 қазанда сағат 10.00-де Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында (Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №92 үй), жеке қабылдауы сағат 11.00-де Қазығұрт ауданы әкімі аппараты ғимаратының кіші залында (Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №95 үй) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 7 қазанға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
​
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Дене шынықтыру және спорт
05 октября 2026
ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ АҚБОТА НАМАЗ – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!
Қазығұрт ауданының тумасы Ақбота Намаз тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанып, Қазақстанның мерейін үстем етті.
Румынияның Бухарест қаласында 21–27 қыркүйек аралығында тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 14 елінен жиналған үздік спортшылар қатысқан дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Ақбота Намаз классикалық тоғызқұмалақ бәсекесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл – спортшының табандылығы мен үздіксіз ізденісінің, қажырлы еңбегі мен жоғары шеберлігінің жемісі. Сонымен қатар, ұлттық зияткерлік ойынымыз тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейдегі беделін айқындайтын айтулы жетістік.
Айта кетейік, Ақбота Намаз – Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірті.
Жерлесіміздің әлемдік додадағы жеңісі – Қазығұрт ауданы үшін зор мақтаныш. Ақботаны тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы жарыстарда толағай табыстарға жетіп, көк байрағымызды биікке көтере беруіне тілектеспіз.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы