Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті іс-сапары Жаңабазар, Жігірген ауыл округктерінде жалғасты. Алдымен Тілектес елді мекенінің ауыз су құрылысы мен көшелерінің электрмен жабдықтау құрылыстарымен танысудан бастады. Содан соң Қарабастау елді мекеніндегі жолдың орта жөндеу жұмыстарымен елді мекеніндегі көшелердің электрмен жабдықтау құрылысының жәй-күйін бақылады. Жігірген ауыл округіне қарасты Көктен ата бұлағының жан жағын қоршау жұмыстарын назарға алған аудан басшысы мердігер мекемелерге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.