Меню

Страницы

Статья

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы

  Қазығұрт аудандық білім бөлімінің  2019 жылы  атқарған жұмыстары туралы

Білім саласының басты міндеті -  жеке тұлғаны  қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайларжасау.

Қазығұрт  аудандық білім беру бөлімі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2016-2019  жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» басшылыққа ала отырып  жұмыс жүргізуде.Ауданда 71 мектеп, 2 мектептен тыс мекеме, мектепке дейінгі тәрбие беретін 77 мекеме жұмыс атқаруда.

2019 жылы жалпы оқушы саны – 29211, (дайындық тобымен -  31628)(2018 жылы  - 28128оқушы, дайындық тобымен  -30808 ) 2019 жылы  білім саласын қаржыландыруға 11 382 277,0 мың  теңге қаралып, игерілді(2018 жылға игерілгені  -  8 291187,0 мың теңге)Қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 3091,0 мың  теңгеге арту себебі, 2019 жылы аттестациялаудың жаңа жүйесі бойынша Ұлттық тестілеуге қатысқан 1952 мұғалімнің 1074-іне (59%)30-50 пайыздық үстемеақы төленген.                                                                                                                     

Мектептер құрылысы бойынша:Ауданда 2015-2019 жылдар арасында 31 мектеп пайдалануға беріліп, типтік мектептер үлесі -80 % құрады.(71 мектептің 57-і типтік, 14-ы ыңғайластырылған мектеп).

Жоғарыда аталған өзекті мәселелерге байланысты ,7 ыңғайластырылған, мектебі жоқ екі елді мекеннен барлығы 9 мектеп ғимаратын салуға облыстық салалық басқармаларына тиісті құжаттары тапсырылды.     (Республикалық бюджет есебінен «Шекара-аймақ» бағдарламасы бойынша 300 орындық С.Рақымов,Т.Тул жом ,А.Байтұрсынов ат. ЖОМ-не 300 орындық, типтік мектеп ғимаратын салу үшін құжаттары ұсынылды.

Облыстық бюджет есебінен 200 орындық П.Тажібаева, К.Әзірбаев ,150 орындық «Ақбастау» ЖОМ-не және Сырлысай елді мекенінен, 200 орындық типтік мектеп ғимараттарын салу үшін облыстық салалық басқармаларына тиісті құжаттары тапсырылды. 

Аудандық бюджет есебінен Т.Қалқаұлы бм және Жаңа Айнатас елді мекенінен 100 орындық, типтік мектеп ғимараттарын салу үшін облыстық салалық басқармаларына тиісті құжаттары тапсырылды.):

2020 жылы 2019 жылдан өтпелі 200 орындық 2 мектептің (Кезеңбұлақ, Ақпарақ) және бір мектептің 150 орындық қосымша  құрылысы  («Ашыбұлақ») басталып пайдалануға беріледі.

Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 2019 жылы3  мектепке күрделі, 1 мектепке ағымдағы, «Ауыл–Елбесігі» жобасы бойынша 3 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді. (2018 жылы 4 мектепте2019 жылға  2  мектепке, 2018 жылы 4 мектепте  күрделі жөндеу жүргізілді.

(2019 ж «Қызылдихан»  106708,0  мың теңге,  Ө.Жамалов  – 154936,0 мың теңге,5,9 млн. теңгеге Атбұлақ жом)(2018 жылы 4 мектепке 317573,0 мың теңгеге - Комсомол», Ш.Қалдаяқов, «Жаңатірлік»,«Таң»)«Ауыл –Ел бесігі» жобасы бойынша 3 мектеп (Қ.Сатпаев,Т.Рысқұлов,О.Жандосов жом) ағымдағы жөндеуден өткізілді.

2020 жылы5 нысанға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.(«Қызылтаң», «Шарбұлақ», Ы.Алтынсарин ат, Абай (Жігерген) ат. ЖОМ және Елшібек батыр ат. М/Л) ЖСҚ  мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. 2020 жылдың ақпан айының мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынады.

2020 жылыоқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептердің әжетханаларын жөндеуден өткізу үшін облыстық салалық басқармаға  503 млн. теңге сұраныс жасалды.

Жылыту маусымына дайындық 87 білім нысанының 43 -і табиғи газбен, 37-і қатты отынмен, 7-і  сұйық отынмен жылытылуда (37 нысан 5026 тонна қатты отынмен (49 933,3 теңгеге)  7 нысан  230 мың литр сұйық отынмен  қамтамасыз етілген(37 680,0 мың теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 2019 жыл соңына 82 (77 балабақша,5 шағын орталықта)  мектепке  дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде 1-6 жастағы 9010баладан  3-6 жастағы   7500бала  балабақшаларға  қамтылып,индикаторлық  көрсеткіш100%-ды құрап отыр. Бүгінгі күнге 3-6 жастағы кезекте тұрған бала жоқ.  (6376-ы  жекеменшік бб,1124-сі мемлекеттік балабақша , 110  бала 5 шағын орталықта)(2018 жылы 3-6 жастағы 9007 баладан  8420 бала қамтылып, 93,4% құраған)

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша Бөлімде 3  мемлекеттік қызмет көрсету  автоматтандыруға көшірілген.2019 жылы  «Жұмыс ситсен»арқылы 148  бос орындарға 165 үміткерден123-і жұмысқа орналасты.(74.5%)(2018 жылы 78 бос орындарға 98 үміткер өтініш беріп, 45-і жұмысқа орналасқан(57,6%)

«Балабақша.ситцен КЗ» порталы арқылы 2019 ж  6401  балаға жолдама берілді,(2018 жылы  жолдама алған бала саны -8420, кезекте тұрған бала саны -587)

Интернетке қосылған68 мектепті 8 м/бит жылдамдықтағы кең  жолақты  интернет желісімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 34103,0 мың теңге қаралып, игерілді. («Қазақтелеком» АҚ 34 мектеп (17933,6 мың) «Транстелеком»  34 мектепті(16169,5  мың т)Дегенмен, 17 мектепте интернет жылдамдығы әлі де төмен. Мектептердегі соңғы 5 жылда алынған компьютер саны  -1941 , 1 компьютерге шаққандағы оқушы саны -15 

Жалпы орта білім беру

Білім сапасының  басты  көрсеткіші  - ҰБТ. 2019 жылы ҰБТ-ға қатысуға 1655 оқушының 1554-і өтініш берген. (94,3% )

Тестке қатысқаны - 1333(81,0 %) (қатысу пайызы өткен жылмен салыстырғанда   6,6 %  жоғары ).

Аудан бойынша орта балл - 77,2. (2018 жылы 1773 оқушыдан  1320-ы қатысып, (74,4%) орта балл – 76,2 болған). облыста  7-ші көрсеткішті құрады)

«Алтын  белгіге» 2019 жылға ақтағаны – 88-ден 82-і (92%)(2018  жылы 64-тен 63-і ақтады.)

«Үздік  аттестатты» 62 оқушыдан ақтағаны – 62 (100%)(2018 ж 54 үміткерден 54-і ақтаған)

(Оқушылары «Алтын белгіні» қорғай алмаған мектептер тізімі )

Педагог-кадрлар

Жалпы мұғалім саны – 3950, оның 3905 –і жоғары білімді, 45-і арнаулы орта білімді

Күндізгі бөлімді бітірген мұғалім саны – 2700 (68,4%)

Сырттай бөлімді бітірген мұғалім саны - 1250 (31,6%)

Санаттары бойынша: 

855-і жоғары (21,6%),

1060-і бірінші санатты (26,8%),

1367-іекінші санатты(34,4%),

668-і қатардағы санатта (17%).

Жоғары,бірінші санатты мұғалімдер саны – 1915(48,4%).

Аттестаттаудыңжаңа жүйесі бойынша 2017-2019 жылдар аралығында 2306 мұғалімге 30-50 пайыздық үстемеақы  төленуде (жалпы мұғалімнің 58,3%)

 

 

Тестілеуге қатысқандар

Үстемеақы төленіп жатқаны

О.і. Педагог шебер

О.і.Зерттеуші

О.і.Сарапшы

О.і Модератор

1

2016-2017

267

172  

(64%)

1

44

(26%)

38

(22%)

89

(52%)

2

2017-2018

715

444

 (62%)

2

132

(29,7%)

162

(36,4%)

148 (33,3%)

 4

2018-2019

982

616

(63%)

3

(0,4%)

176

(29%)

200

(32%)

237

(38%)

5

2019-2020

1952

1074(59%)                  .

16

320/ 317

473/423

348/318

 

Жалпы

3916

2306(58,8%)

22(0,6%)

669(17%)

823(21,2%)

792(20,2%)

 

2020-2021

461

Қаңтардан бастап төленеді

8

154

199

100

Педагогтардың біліктілік арттыру курстарынан өтуі

2019 жылы 1524 мұғалімді біліктілік арттыру курстарынан өткізу жоспарланған, ақылы курстарға өтініш білдірушілер саны арту есебінен 1540-ы(100,1%) өтті. (о.і. қысқа мерзімді - 188, деңгейлік – 34,тренерлік курс бойынша –15, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша – 877,  үштілділік бойынша – 96,ақылы курстарда –330)

Аз қамтамасыз етілген отбасы  балаларының  жағдайы туралы

2019 жылы 119 бала есепке алынған.(38 қорғаншылықта, 49 қамқоршылықта, 32-і патронаттық тәрбиеге берілгендер)(2018 жылы 123 бала есепке алынған.(47қорғаншылықта,42қамқоршылықта,34-іпатронаттық тәрбиеге берілгендер)

Балаларды ыстық тамақпен қамту

Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 1520 балаға  1 % қордан 2019 жылытегін ыстық тамақпен қамтуға қаралған қаржы - 81998,0 мың теңге.( әр балаға 333 теңге 116 күнге)(2018 ж. 1325 баланың тамағына 88790,0 мың теңге  қаржы жұмсалған ).

Биылғы жылы өзгеріс - аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 4287 бала әлеуметтік пакет есебінен қамсыздандырылатын болады.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы

2019 жылы 0-18 жас аралығында ерекше білім беруді қажет ететін 1014 баладан 435 бала инклюзивті біліммен(түзету-дамыту)қамтылды.(42,9%)(Индикативті жоспар - 39%).Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектеп саны -34(50%)

(2018 жылы осы топтағы 1025 баланың 392-і  инклюзивті  біліммен  қамтылып, (38,2%). Инклюзивті біліммен қамтуға жағдай жасаған мектептер саны -33. үлесі 47,8%)

49 мектептен 165 оқушы үйде оқытылады.О.і.77 оқушы компьтерлік техникалық оқу-бағдарламалық құралмен қамтылған.

Инкюзивті біліммен қамтудың нормативті құжаттары:

Балаларды тасымалдау бойынша

2019 жылы қыркуйек айынан 9 мектепте 740 оқушы 11 автокөлікпен тасымалданып, оқытылуда(2018 жылы 11 мектепте 782 бала  11 автокөлікпен)(Болашақ, Т.Рысқұловм/л тасымал алынған ,01.09.2019ж)

Жаңартылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер алу: 

2016 жылдан бастап, жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты , 1,2,3,5,6,7,8 сыныптардың оқулықтары алынды. 2019 жылға 4,9,10 сыныптарға және1,2,3,5,7,8 сыныптарға қосымша жетпейтін оқулықтар, мектепалды даярлық сыныптарына және «Өлкетану» хрестоматиясын алуға 352 млн. теңгеге 174414 дана оқулықтар мектептерге жеткізілді.(2018 жылы жергілікті бюджеттен 310124,8 мың теңге қаржыға 3,6,8 сыныптарға және 1,2,5,7 сыныптарға қосымша жетпейтін оқулықтар, мектепалды даярлық сыныптарына алынған оқулықтар саны -   282455 дана)

Тәрбие саласы (құқықбұзушылық, суицид ,ерте жүктілік) 

2019 жылыжасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылық 2018 жылмен салыстырғанда, төмендеген. 2019 жылы қылмыс тіркелгенімен, есепке алынған балалар өзге білім мекемелеріне ауысқан. (Сатпаев жом -1, Жамбыл жом -1)(2018 жылы жасөспірімдер арасында 3 қылмыс орын алған, (Абай Ж -1ауыр қылмыс, Қ.Сатбаев-2,1 ұрлық, 1 бұзақылық).

Ішкі істер полициясы ювеналды тобы бөлімшесінде есепте тұратын оқушылар саны –4( сабаққа себепсіз келмегені -2, бұзақылық -2)Сатпаев -2. Шарбұлақ-1, Болашақ -1)

Оқушылардың өзіне –өзі қол жұмсау туралы :

2019 жылы оқушылар арасында өзіне өзі қол жұмсаудың 6 фактісі тіркелді, өткен жылмен салыстырған 1-ге өскен. 3-і аяқталған(Ақбастау-1,  Жамбыл -2,)3-і оқталған.( Жамбыл, П.Тәжібаева,Жаңатірлік)(2018 жылы 5 фактісі- Шарбулак-2,Жылыбұлақ-1,Сатпаев-1,Абай Ж-1.)

Мектептерде орамал тартатын оқушы жоқ.

Мектептерге әдістемелік көмек көрсету және жетістіктер:

2019 жылыжаңа иновациялық технологияларды аудан көлемінде тарату мақсатында 64 мектепте 135 аудандық семинар жоспарланып, 115 семинар өтілді , 5 мектепте облыстық семинарлар, 32 тренинг-сабақтар, 24 дөңгелек столдар ұйымдастырылды.

2019 жылы оқушылардың жетістіктері:

1.Республика деңгейіндегі жетістік саны -  4 .

(1.Республикалық «Бастау»турнирінен Республикадан 3-орын,

2.Қазақ тілі пәнінен Республикалық Қ.Бітібаева олимпиадасынан 2-орын, 3.Химия пәнінен  республикалық Менделеев олимпиадасынан 2 оқушы 1-орын алып, грант иегері атанды)

2.Облыстық деңгейдегі оқушылардың жетістігі :

 2019 жылы –15 оқушы ,2020ж -19 оқушы

(2019 ж жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасынан 15-і (ІІ–3; ІІІ – 7; номинация – 5) жүлделіорынға ие болды.2020 ж қаңтар айында  облыстық пәндер олимпиадасынан 38 оқушыдан 15-і жүлделі орын, 4-і номинацияға ие болды.(51,3%)

2019 жылы өткен облыстық байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздары -1441 болып, өткен жылмен салыстырғанда 237 оқушыға өсіп отыр.(2018 жылы жеңімпаздар саны - 1204)

Халықаралық конкурс жеңімпаздарының саны – 607

Республикалық ғылыми жұмыстар жеңімпаздары –19

Республикалық түрлі байқаулар жеңімпаздары – 4

Республикалық танымдық олимпиадалардың жеңімпаздары -  24

Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары –1

Республикалық „Ақбота“ интеллектуалдық байқау жеңімпаздары – 397

Облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары – 3

Облыстық түрлі байқау сайыстар – 18

Облыстық „Самұрық“ зияткерлік байқауының жеңімпаздары -317

Облыстық „Алтын ұрпақ“ байқауының жеңімпаздары -  5

Республикалық қашықтық байқауларда жеңімпаз атанғандар – 14

«Жақсылар дастан айтайын» жыр байқауы –3

«Мағжан оқулары»-3

« Ильяс оқулары»-2

«Абай  оқулары»-3

«Президенттік олимпиада»-3

Облыстық спорттық жарыстар мен байқаулар—21

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында ауданның танымал тұлғаларының атына атаулы кабинеттер ашылып, сегіз атаулы  олимпиада дәстүрлі түрде өткізіліп, 501 оқушы қатысты.

1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәстүрлі Қ.Тұрсынқұлов атындағы,

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тілтанушыҚ.Өмірәлиев ат.олимпиада
  2. К. Әзірбаев атындағы жом математика пәнінен А. Абдуллаев атындағы 4.Қ.Сатбаев атындағы м/л математика пәнінен М. Сүйгенбаев атындағы V1 5.«Қосағаш» жом техника ғылымдарының докторы О. Сембиев жүлдесі 6.«Еңбекші» жом Ш. Иманбеков атындағы математика  олимпиадасы

7.«Дихан» жом академик Қ.Медеубеков атындағы  биология пәні олимпиадасы

8.Ж.Есіркепов жом Ә.Қарабаев атындағы математика олимпиадасы 

Мұғалімдер жетістіктері:

2019-2020 оқу жылында мұғалімдердің пәндер  олимпиадасының облыстық кезеңіне 13 мұғалім қатысып, нәтижесінде 12 мұғалім жүлделі орынмен 1 мұғалім номинациямен оралды. (бас жүлде -2, 1 орын -2 , 2 орын -6 , 3 орын-2,ном

2019 жылы мұғалімдер арасында өткен байқау сайыстардың жеңімпаздары- 71

Халықаралық конкурстарға қатысушыға жетекшілік еткені үшін өткізуші жақтың алғыс хатымен марапатталған  мұғалімдер – 5

Республикалық конкурстардың жеңімпаздары – 4

Республикалық ғылыми жарыстар жеңімпаздарына жетекшілік еткені үшін өткізуші жақтың алғыс хатымен марапатталғандар – 19

Облыстық пән мұғалімдерімен өткен олимпиада жеңімпаздары – 12

“Өнерлі ұстаз» байқауынан -1 орын

«Үздік сынып жетекші»байқауынан -3 орын

«Үздік сабақ»сабақ-2 орын

«Үздік педагог байқауы»-3 орын

«Үздік авторлық бағдарлама»байқауы-6

«Педагогикалық дебют»-6

«Үздік әдістемелік басылым»-5

«Үздік веб сайт-2019»-1

«Жаңашыл ұстаз-2019»-4

Балалардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында:

Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу үшін 57 типті, 14 ыңғайластырылған мектептерде 252 спорт алаңы мен 2010 спорттық секцияларға 15 мыңнан аса оқушы тартылған.2019 жылға аудан бюджетіненспорттық құрал-жабдыктар алуға 4500,0 мың теңге қаралды.(2018жылы аудан бюджетінен 2 млн. теңге бөлінген)

Оқушыларға қосымша білім беру:

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудағы іс-шараларға 18 мыңнан аса оқушы қамтылып отыр.(64%) Балалар «Өнер»  мектебі  мен  «Жас туристер» орталығында  -482 бала (1,8 %), мектептердегі ақысыз үйірмелерде -5981 бала, спорттық ақысыз үйірмелерде  - 7791 бала(28%) және  спорт мектептеріне  қамтылған оқушы саны – 3770 (7,6%).

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2019 жылы 16376 қызмет көрсетілген( электронды түрде  -6356  , қағаз түрінде  - 10020)

Білім бөліміне келіп түскен арыз-шағымдар:

2019 жылы келген арыз, шағым саны  -59 (жеке тұлғадан – 47, заңды тұлғадан -12)(2018 жылы  барлығы -39, жеке тұлға -35, заңды тұлға – 4).

Егеменді елеміздің ертеңгі болашағы -жас ұрпақ тәрбиесі. Тәрбиенің мақсаты – пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы адамды тәрбиелеу. Сондықтан баланың бойына жақсы қасиеттерді енгізу,руханибайлығын дамыту да отбасы, ұстаз, мектеп болып бірігей қызмет ету-парызымыз.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру үшін инновациялық технологиялармен қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру бүгінгі күні білім беру жүйесінде жаңашаізденісті қажет етсе, аудандық білім саласы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек

Дата публикации
01 мая 2020
Дата обновления
01 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы