Меню

Страницы

Статья

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ «ЯСАУИ ӘЛЕМІ» КВЕСТ САЙЫСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында жастар арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттау, туған өлкенің тарихына қызығушылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында облыстық «Ясауи әлемі» квест сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа 14-35 жас аралығындағы жастардан құралған командалар қатысып, Түркістан қаласының тарихи орындарында орналасқан арнайы бекеттерде түрлі танымдық тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өңір тарихы мен мәдениетіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлау, шапшаңдық және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Квест сайысы төрт кезең бойынша ұйымдастырылды. І кезең Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында, ІІ кезең «Алтын Самұрық» алаңында, ІІІ кезең «Керуен Сарай» туристік кешенінде, ал IV кезең Түркістан облыстық драма театрында өтті. Әр кезеңде қатысушылардың тарихи-танымдық білімі, логикалық ойлау қабілеті, тапқырлығы және уақытты тиімді пайдалану дағдылары сыналды.
Іс-шара жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, туған өлкенің мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
🏆 Жеңімпаздар:
🥇 І орын - Ордабасы ауданы
🥈 ІІ орын - Қазығұрт ауданы
🥉 ІІІ орын - Бәйдібек ауданы
Дата публикации
21 июля 2026
Дата обновления
21 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы