Меню

Страницы

Статья

«Қазығұрт су шаруашылығы» ШЖҚ МКК 2026 жылы 3000 гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін суаруды қамтамасыз етеді.

«Қазығұрт су шаруашылығы» МКК

«Қазығұрт су шаруашылығы» ШЖҚ МКК 2026 жылы 3000 гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін суаруды қамтамасыз етеді.

“Қазығұрт су шаруашылығы” МКҚ-ның балансындағы Үлкен Келес магистралды каналының тармақтары

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне қарасты «Қазығұрт су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ауыл шаруашылығы суармалы жерлерге су пайдаланушыларға ағын су жеткізіп беру қызметін жүзеге асырады.

2026 жылғы вегетациялық кезеңде кәсіпорын 320 су пайдаланушылармен су беру бойынша келісім шарттар жасасып, суармалы егістік алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы вегетациялық кезеңде суаруға жоспарланған жерлердің жалпы көлемі 3000 гектарды құрайды.

Қазіргі уақытта «Қазығұрт су шаруашылығы» ШЖҚ МКК су беру маусымы аясында үздіксіз жұмыс жүргізуде. Негізгі міндеттері – суармалы жерлерге суды кестеге сәйкес тұрақты жеткізу, су ресурстарын тиімді пайдалану, су шығынын азайту және суару жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның теңгерімінде суару жүйесінің гидротехникалық құрылыстары, магистралды және шаруашылықаралық каналдар орналасқан. Кәсіпорын суару маусымында су ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты түрде жүзеге асыруда.

2026 жылғы оңайлатылған тарифтік сметада инвестициялық бағдарлама қаралмағандығын және кәсіпорында қосымша қуаттар жоқ.

 

Дата публикации
20 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы