Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары мен талаптарын түсіндіру туралы
«Қазығұрт су шаруашылығы» МКК-да 2026 жылғы 3 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шаралары жоспарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді.
Аталған жоспарға сәйкес бүгінгі түсіндіру жұмыстарының тақырыбы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығының талаптарын түсіндіру болды.