Меню

Страницы

Статья

Ауданда туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі

Ауданда туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі.   

       Осы орайда ауданда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.

         Бұл салада ауданда бірқатар туристік нысандар бар. Атап айтқанда:

       Қазығұрт тауы, халық арасында аты аңызға айналған діни-тарихи маңызы бар «Ақбура әулие», «Ысмайыл ата», «Ысқақ ата», «Көктен ата», «Есенаман қалпе», «Жылқышы ата», «Жақсығұл мерген» кесенелері.

       Сонымен қатар, «Кеме қалған» («Нұһ пайғамбар кемесі») монументі, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі. Өгем филиалы аймағында Қырыққыз табиғи тас мүсіндері мен Сусіңген, Мақпал көлдері бар.

       Түркістан облысында қалыптастырылған туристік маршруттар тізіліміне Қазығұрт ауданынан «Кеме қалған» монументі, «Ақбура әулие» кесенесі және «Ысмайыл ата» архитектуралық кешендері енгізілген.

       Түркістан облысы бойынша жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне:

  1. Қазығұрт тауы, Ақбура әулие кесенесі, Шілтер әулиесі
  2. Ысмайыл ата сәулет кешені ХІ-ХІХ ғ.ғ.

 

       Жеке туристік нысандар.

 

       «Қазығұрт» сауықтыру туристік базасы С. Рахимов ауыл округінде орналасқан.  Жеке кәсіпкер А.Ізбасқанованың  жалпы аумағында 44 орындық 11 коттедж, 2 қабатты демалыс үйлері, асхана, бассейндері бар.

       "Мейіржан" демалыс орны Жігерген ауыл округінің Қызылбұлақ ауылында орналасқан. Жеке кәсіпкер Т. Беркімбаев оқушылардың жазғы демалыс маусымында лагерімен қамтиды. 

       Туризм саласындағы инвестициялық жобалар

 

       2025 жылы туризмді дамыту мақсатында ауданымызда 3 демалыс орындары ашылды.

       Атап айтқанда:

  1. 1. «Сұлтан» ЖК «Демалыс аймағы» жобасы, құны 200 млн.теңге, 5 адам жұмыспен қамтылды; (Жігерген)
  2. 2. «Мәуленов» ЖК «Демалыс аймағы» жобасы, құны 50 млн.теңге, 5 адам жұмыспен қамтылды; (Жігерген, Шегір)
  3. 3. «Мырзатай» ЖК «Қоғамдық тамақтану» жобасы, құны 600 млн.теңге, 15 адам жұмыспен қамтылады. (Сарапхана, Ернұр)

       Ауданда 2026 жылы жүзеге асатын, құны 100 млн.теңгені құрайтын, ЖК «Есжанов» «Демалыс аймағы» жобасы, 5 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлануда.

 

       Жобалар іске асқан жағдайда туристік аймақтың әлеуеті артып, туристер саны 2 есеге артады.                  

          

«Алматы-Термез» республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында орналасқан сервистік нысандар жалпы; Қазығұрт – Сарыағаш арасы 49 шақырым.

  жанар-жағармай бекеттері  – 7

  автогаз құю бекеттері – 6

  азық-түлік дүкендері – 3

  қымызханалар – 26

  мейрамхана (кафе) – 6

  тойхана – 4

  техникалық қызмет көрсету орындары – 2.

Дата публикации
08 июня 2026
Дата обновления
08 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы