Меню

Страницы

Статья

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда аудан бойынша 2025 жылы жалпы 145 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 11280 адам қамтылды

 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда аудан бойынша 2025 жылы  жалпы 145 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 11280 адам қамтылды. 

            Аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарының саны 2025 жылы 268-ге жетіп отыр. Оның ішінде: 5 спорт кешені, 14 футбол манежі, 85 спорт залдары, 1 жүзу бассейні, 163 жазықтықты құрылғылар. Аталған барлық спорт ғимараттары ауыл тұрғындарына спортпен шұғылданулары үшін қол жетімді.

2025 жылы  спортшыларымыз  жалпы 124 медалға қол жеткізіп, иеленді. Оның ішінде 38 алтын, 37 күміс, 49 қола.

        «Ауыл-ел бесігі» жобасына сәйкес аудандағы ауыл округтерінен спорт нысандарын салу мақсатында 13 ауыл округінің 10 ауыл округіне жер бөлініп, құжаттары толығымен рәсімделіп, қаржы бөлдіруге Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды (Жігерген, Қарабау, С.Рақымов, Қақпақ, Қызылқия, Тұрбат, Шарбұлақ, Шанақ, Жаңабазар, Алтынтөбе)

Аудан тұрғындарының дене шынықтыру және бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 2025 жылдың 48550 адамға, яғни аудан халқының 42,5 пайызына жетіп отыр.

          «Қазығұрт спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде спорттың 8 спорт түрі бойынша 12 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Онда қазіргі таңда 19 топта 268 жасөспірім шұғылдануда.

          «Қазығұрт спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржысы-452 526,0 мың теңге.

«Қазығұрт ат және ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 8 штаттық бірлік қарастырылған. Жалпы қаралған қаржы 35 451,0 мың теңге.

          Аудан көлемінде №1, №2, №3, №4 балалар мен жасөспірімдер           спорт мектептері жұмыс атқарып келеді. Спорттың 17 түрі бойынша                  73 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Онда қазіргі таңда 160 топта 2239 жасөспірім  шұғылдануда.

        Сонымен қатар, Түркістан облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне спорттың 13 спорт түрі бойынша 942 оқушы-спортшы жаттығатын болса, соның ішінде Қазығұрт ауданында спорттың 4 түрі (волейбол, жағажай волейболы, үстел теннисі және қол күресі) бойынша 8 жаттықтырушы 207 спортшымен жұмыс жасайды.                  

          Қазығұрт ауданы бойынша спорт саласынан «Даму бала».kz бағдарламасы бойынша 15 кәсіпкер спорттың 10 түрінен 1456 баланы шұғылдандыруда.  

Дата публикации
08 июня 2026
Дата обновления
08 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы