Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2019 жылы атқарылған және 2020 жылы атқарылатын жұмыстары.
Ауыз сумен қамтамасыз бойынша
Қазығұрт ауданы бойынша 64 елді мекеннің 51-і ауыз су жүйелерімен қамтылып, 13 елді мекен қамтылмаған.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы есебінен 2019 жылы жалпы 107,1 млн. теңге қаржы бөлініп Қақпақ, Қызылата, Жаңажол, Шарбұлақ, Қаржан елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 68,7 млн. теңге бөлініп, Рабат, Амангелді, Үшбұлақ, Қызылбұлақ, Қазығұрт, Сырлысай елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Республикалық және облыстық бюджеттен 2018-2019 жылдары 1 266,7 млн. теңге қаржы бөлініп аудан аумағындағы Ескі Шанақ, Жұмысшы, Жаңаталап, Тесіктөбе, Жігерген, Дихан, Талдыбұлақ, М.Өтемісұлы елді мекендеріндегі орталықтандырылған ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар республикалық бюджеттен 2019-2020 жылдарға 688,791 млн.теңге қаржы бөлініп аудан аумағындағы Аққұм, Жеңіс, Қазығұрт елді мекеніндегі «Саяжай» мөлтек ауданының ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық бюджеттен 2019-2020 жылдарға 924,972 млн.теңге қаржы бөлініп аудан аумағындағы Қарабастау, Заңғар, Майлыошақ, Қызылсеңгір, Тұғыртас, Ақбастау елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
Жобалық сметалық құжаттмалары әзірленген Ызабұлақ, Шанақ бекеті елді мекендерінің ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен жалпы 346,428 млн.теңге қаржы бөлдіру үшін ұсыныс берілді.
Аудандық бюджеттен 12,9 млн. теңге қаржы бөлініп елді мекендердегі Жігерген ауыл округі Айнатас елді мекені, Тұрбат ауыл округі Қызылдихан елді мекені ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Аудандық бюджет есебінен 2020 жылға 88,8 млн. теңге бөлініп, аудан аумағындағы Қазығұрт, Тұрбат, Атбұлақ, Қызылдихан елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша.
Қазығұрт ауданында бүгінгі күнге дейін 64 елді мекеннің 47 елді мекені табиғи газ жүйесімен қамтылды.
Аудан аумағындағы Қызылсеңгір, Тұғыртас, Қызылбұлақ, Жеңіс елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы 2020 жылы «Қақпақ» автоматты газ тарату станциясын іске қосу жұмыстарын жүргізіп, Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендеріне, сонымен қатар Қызылбұлақ, Жеңіс елді мекендеріне табиғи газ қосу жоспарлануда.
Облыстық бюджеттен 2018-2019 жылдары 890,581 млн теңге қаржы бөлініп аудан аумағындағы 9 елді мекендерге Шанақ, Ескі Шанақ, Ақжар, Ызабұлақ, Шанақ бекеті, Бақабұлақ, Амангелді, Қызылдала, Еңбекші табиғи газ беретін Шанақ автоматты газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы 2020 жылы аталған станциядан табиғи газ алатын Шанақ, Ескі Шанақ, Ақжар, Шанақ бекеті, Бақабұлақ, Ызабұлақ елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалар жасатуға аудандық бюджеттен 36,574 млн. теңге қаржы бөлініп жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қалған Амангелді, Еңбекші, Қызылдала елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына 2021 жылы жобалық сметалық құжаттамалар жасату жоспарлануда.
Сарапхана ауыл округі, Талдыбұлақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарының жалпы құны 229,864 млн теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың қорытындысы алынып құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс берілген.
Қақпақ ауыл округіне қарасты Қақпақ, Сырлысай, Заңғар елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына 2020-2021 жылдарға 764,307 млн.теңге қаржы қаралып, Сарапхана ауыл округіндегі Майлыошақ елді мекенін газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына 2020-2021 жылдарға облыстық бюджеттен 430,278 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Аудандық бюджет есебінен Тұрбат, Қызылдихан, Еңбек, Өндіріс, Рабат, Атбұлақ, Майбұлақ елді мекендеріндегі табиғи газға қосылмаған көшелерге жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеуге 27,444 млн теңге қаржы бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі күні Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекенінің Жаңбыршы бөлімшесін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша
Аудандағы 63 елді мекендер орталықтандырған электр желісіне қосылып, Өгем елді мекені дербес электр қондырғысымен қамтамасыз етілген.
Қ.Абдалиев ауыл округінің Атбұлақ елді мекеніндегі Жарбастау көшесін электрмен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы 7617,5 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жаңабазар ауыл округінің Жылыбұлақ елді мекенін электрмен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 2019-2020 жылдарға 39338,5 мың теңге, Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекенін электрмен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 2019-2020 жылдарға 134220,8 мың теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендер көшелерін жарықтандыру бойынша
Аудан аумағындағы 2019 жылы 7 - ауыл округтеріндегі көшелерді жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен жалпы 47122,8 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда: Қақпақ елді мекеніндегі Д.Қонаев көшесін, Қызылқия елді мекеніндегі Д.Болыс, Аширов көшелерін, Тұрбат елді мекеніндегі Е.Исақұлов, Бөрібекұлы көшелерін, Жаңабазар елді мекеніндегі Оспанов, Баратов, Ханалы көшелерін, Сынтас елді мекеніндегі Лесұлы көшесін, Жұмысшы елді мекеніндегі Т. Ержанов, Құрымбаев көшелерін, Қаржан елді мекеніндегі Қосанбаев көшесін, Сарапхана елді мекеніндегі Алтынсарин, Бұлбұл көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы есебінен 2019 жылы Қарабау ауыл округіндегі Жұмысшы елді мекенінің электр энергиясы жетіспейтін аумақтарын электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 3 жерге трансформатор орнатылып, 8,4 шақырым электр желілері тартылды. Сонымен қатар 2019 жылы аудан көлеміндегі елді мекендерде 45,57 шақырым ескі электр желілері жаңасына, 1067 дана электр бағаналары және 12 дана трансформаторлар ауыстырылып, 1 дана жаңадан трансформатор қойылды.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы есебінен 2020 жылы Жаңабазар, Қақпақ, Сарапхана елді мекендеріндегі электр энергиясы жетіспейтін аумақтарға 3 дана трансформатор орнатылып, аудан көлеміндегі елді мекендерде 46,98 шақырым электр желілері тартылады.
Абаттандыру жұмыстары бойынша
Қазығұрт елді мекені Қонаев көшесінің бойын абаттандыру жұмыстарына 2019 жылы аудандық бюджеттен 59,388 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
«Жұмыспен қамту-жол картасы» бағдарламасы аясында 2020 жылы республикалық бюджеттен жалпы 129,290 млн, теңге, оның ішінде Қазығұрт елді мекеніндегі орталық саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 48,940 млн.теңге, Дендросаябақты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 80,350 млн.теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізіледі.
Жол саласы
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2019 жылы Республикалық бюджеттен 400,852 млн.теңге қаржы бөлініп аудан аумағындағы 12,7 шақырым 9 көшелерді орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық бюджет есебінен аудан аумағындағы 44,6 шақырым 21 көшелерді орта жөндеу жұмыстарына 2019-2020 жылдарға 713733,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2019 жылы 24,6 шақырым 12 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылы жалғасын табады.
Сонымен қатар 2019 жылы облыстық бюджет есебінен 23 көшеге 385,1 млн. теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық бюджеттен Шарбұлақ, Өндіріс, Тесіктөбе, Жеңіс, Сынтас елді мекендеріне баратын көпірлердің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 30,999 млн теңге және Ақжар-Шанақ – Шанақ бекеті, Шанақ-Бақабұлақ, Қазығұрт-Тұрбат-Өндіріс-Қақпақ елді мекндері аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 26,926 млн теңге қаржы бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар жалпы ұзындығы 30,3 шқ құрайтын 7 аудандық маңызы бар атап айтқанда:
1) Жігерген ауыл округіндегі Тесіктөбе елді мекеніне;
2) Қызылқия ауыл округіндегі Ынталы елді мекеніне;
3) Тұрбат ауыл округіндегі Қызылдихан елді мекеніне;
4) Жігерген ауыл округіндегі Қызылбұлақ елді мекеніне;
5) Қарабау ауыл округіндегі Сынтас елді мекеніне;
6) Жаңабазар ауыл округіндегі Қарабастау елді мекеніне;
7)Сарапхана ауыл округіндегі Талдыбұлақ елді мекеніне кірме автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық есебі әзірленіп, ведомоствалық экспертиза қорытындысы алынып, жалпы 811,0 млн. теңге қаржы бөлуге ұсыныс берілді.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылы Республикалық бюджеттен 859,033 млн.теңге қаржы бөлініп аудан аумағындағы 22 ішкі көшелерді орта жөндеу жұмыстары, оның ішінде Қызылқия ауыл округіндегі 7 ішкі көшелерге 402,845 млн. теңге, Сарапхана ауыл округіндегі 15 ішкі көшелерге 456,188 млн. теңге қаржы бөлініп орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Аудандық бюджет есебінен 2020-2021 жылдарға аудан аумағындағы Қақпақ, Қарабау, Шанақ,Алтынтөбе, Жігерген, Қ.Абдалиев, Сабыр Рақымов ауыл округтеріндегі 13 ішкі көшелерге 560,57 млн.теңге қаржы бөлініп орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар аудандық маңызы бар Ынталы елді мекеніне кірме жолға 2020-2021 жылдарға 54,352 млн.теңге қаржы қаралып орта жөндеу жұмыстары және Келес өзеніндегі Ынталы елді мекеніне өтетін көпірге 2020 жылға 11,649 млн.теңге қаржы қаралып ағымдағы жөндеу жұмыстары, Жігерген ауыл округіндегі Қызылбұлақ елді мекеніне кірме жолға 2020 жылға 82,1млн. теңге қаржы бөлініп орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жылыту саласы бойынша
Аудан көлеміндегі жалпы 200 бюджеттік нысандар жылытылады.Оның ішінде білім саласы бойынша 87, мәдениет саласы бойынша 46, спорт саласы бойынша 4, денсаулық сақтау саласы бойынша 63 бюджеттік нысан жылытылады.Аталған мекемелердің 121-і қатты отынмен, 66-ы табиғи газбен, 5-і электр қуатымен, 8-і сұйық отынмен жылытылады.
Тұрғын үй саласы бойынша
Қазығұрт ауданы көлемінде 2020 жылдың 1 қаңтарына тұрғын үйге мұқтаж 506 азаматтар тізімге енгізілген. Оның ішінде жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 59 отбасы, көп балалы отбасылар102 отбасы, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топқа жататын азаматтар-283 отбасы, мемлекеттік қызметкерлер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер -61 отбасы, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар-1 отбасы.
Тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындар (полигон) бойынша
Қазығұрт ауданы көлемінде 14-қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындардың құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған орта эмиссиясына рұқсаты алынған. 2018-2019 жылдары Қазығұрт Тұрбат, Қ.Абдалиев, Қызылқия, Алтынтөбе, Жаңабазар ауыл округтеріндегі тұрмыстық қалтықтарды тастайтын орындардың құрылыс жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржы бөлдіруге ұсыныс берілді. Ағымдағы 2020 жылы Жаңабазар ауыл округіндегі тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынның құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 98,0 млн теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізіледі.