Меню

Страницы

Статья

Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстары

Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстары

Құрметті  Төлеген Тұртайұлы!

Құрметті  жиналысқа қатысушылар!

(1-2-слайд) Статистикалық мәліметке сәйкес, 2019 жылдың қорытындысымен  ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 38 млрд 743,5 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі индексі 103,1 пайызды құрады (оның ішінде мал шаруашылығы өнім көлемін 25 млрд 517,5  млн теңге, НКИ-103,5, егін шаруашылығы 13 млрлд. 131,9 млн. теңге, НКИ-102,4).

(3-слайд) Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласының рейтингісі бойынша аудан 5-орынды иеленді.

(4-слайд) Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған  инвестициялардың нақты көлемінің индексінің межесі 3 000,0 млн.тенге болса, орындалуы 3 038,1 млн теңгені құрап, 101,3 пайызға жетіп отыр.

(4-слайд) Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексінің межесі 1 512,0 млн. теңге болса , бүгінге орындалғаны 1 558,7 млн теңгеге жеткізіліп, 103,1 пайызды құрады.

(5-6-слайд) Ауданда 2019 жылдың өніміне егілетін егіс межесінің көлемі 84 000 га болса, игерілгені  84 526,8 га, яғни 100,6 пайыз (2018 жылы егіс көлемі 83 983,1 га).

Оның ішінде егілген дақыл көлемі, түсімі және алынған өнімі төмендегіше:

Дақыл атауы

Егіс көлемі

Түсімі

Алынған өнім көлемі

Астық

42 932,5

24,5

105 510,4 

одан бидай

 37 317,8

24,6 

92 005,5 

Арпа

 5614,7

 24,0

 13 504,9

Дәндік жүгері

 516,1

 42,0

 2167,9

Бұршақты дақылдар

205,7

17,3

355,8

Майлы дақыл

10 597,6

 8,8

9357 

о.і. мақсары

 10 236,4

8,4 

8598,5 

күнбағыс

 361,2

 21,0

758,5 

Картоп

 322,8

250 

8070 

Көкөніс

 500,9

 253

12 672,7 

Бақша

 122,7

 295

3619,6 

Мал азықтық

29 328,5 

 30,0

87 985,5 

о.і.Жоңышқа

29 328,5 

 30,0

87 985,5 

Үш жақты келісім шарттың орындалуы бойынша

 (7-8-слайд) Жылыжай салу меже 26 га, орындалғаны 26,01 га, яғни меже 100,0 пайызға орындалған. Жалпы көлемі 156,01 гектарға жетіп отыр. Аталған 156,01 гектардан 39,8 мың тонна көкөніс (қияр, қызанақ), 100 тонна лимон және 840,0 мың дана гүл өнімдері алынды.

(7-8-слайд) Суармалы жердің көлемін ұлғайту меже 700 га, орындалғаны 708,5 га, яғни 101,2 пайызға орындалды.

(9-слайд) Тамшылатып суғару меже 550 га, орындалғаны 561 га, яғни 102,0 пайызға орындалды.

(10-слайд) Қарқынды жеміс-жидек егу межесі 40 га, орындалғаны 48,3 га, яғни 120,8 пайызға орындалды.

(11-слайд) Жүзім шаруашылығын дамыту межесі 100 га, орындалғаны 102 га, 102,0 пайыз.

 (12-слайд) Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау меже 72 бірлік, орындалғаны  72 бірлік, яғни 100,0 пайызға орындалды.

(13-14-слайд) Мал шаруашылығы бойынша статистикалық мәліметке сәйкес, тамыз айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ІҚМ  81,6 мың басты құрап 103,5 % , ұсақ мал 343,3 мың басты құрап 104,1 %, жылқы 33,2 мың басты құрап 100,9 %, құс 92,2 мың басты құрап 110,4 % құраған.

(13-14-слайд) 2019 жылдың тамыз айында өндірілген  ет 23,9 мың тн құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3 % құрады, сүт өндіру 56,2 мың тн құрап 101,1 % , жұмыртқа өндіру  7,2 млн дананы құрап 100,8 % құрады.,

 (15-слайд) «Сыбаға» бағдарламасы бойынша меже 550 бас ірі қара мал межес3 550 бас болса, 555 бас ІҚМ алынып, меже 100,9 пайызға орындалды.

(15-слайд) «Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын ұсақ мал межесі 2980 бас болса, 2990 бас алынып, меже 100,3 пайызға орындалды.

 (15-слайд) «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы алу межесі 301 бас, алынғаны  306 бас, яғни меже 101,7 пайызға орындалды.

(16-слайд) Ұйымдастырылған  шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді мал басының үлесін 24,2 пайызға жеткізу болса,  орындалуы 24,6 % болып меже 101,7 пайызға орындалған.

(16-слайд) Ұйымдастырылған  шаруашылықтардағы ұсақ мал басының үлесін 20,9 пайызға жеткізу болса,  орындалуы 29,4 % болып меже 140,7 пайызға орындалған.

 (17-слайд) 10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңдарын ашу бағытында 43 бірлік мал бордақылау алаңын ашу межеленген, ашылғаны 43 бірлік, яғни меже 100,0 пайызға орындалды.

(17-слайд) Жанұялық сүт өндіру фермасын ашу бағытында меже 29 бірлік, қазіргі таңда орындалғаны 29 бірлік, меже 100,0 пайызға орындалды.

(17-слайд) Құрама жем өндіру кәсіпорындарын жылдық қуаттылығын арттыру межесі 7,7 мың тн болса, орындалуы 7,7 мың тн болып, 100,0 пайызды құраған.

(18-19-слайд) 2019 жылы Өзбекстан еспубликасына 4080 тонна бидай және 815,8 тонна ет, Қытай Халық Республикасына 500 тонна өсімдік майы және Ресей мемлекетіне 25 лимон, 22 тонна шұжық өнімдері экспортталды, яғни экспорт өткен жылмен салыстырғанда 17,8 пайызға артты.

 (18-19-слайд) Экспортталатын ірі қара мал еті меже 2400 тонна, орындалғаны 664,8 тонна, яғни  27,7 пайызға орындалды.

(18-19-слайд) Экспортталатын қой еті меже 350 тонна, орындалғаны 151,0 тонна, яғни 43,1 пайызға орындалды.

 (20-слайд) Нәтижелі жұмысты қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2019 жылға меже  544,4  млн теңге болса, орындалуы 988,9 млн тг болып 181,6 пайызды құрады.

(21-слайд) Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру бағдарламасы бойынша 2019 жылға жоспар 20,2 млн теңге болса, орындалуы 127,8 млн тг болып 632,7 пайызды құрады.

(22-слайд) Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы қаржы ұйымдарынан алған несиелер және мемлекеттік қолдаулар төмендегі кестеге сай болып отыр.

қ/с

 

Несие берген қаржы институттары атауы

Несие алған Заңды және жеке тұлғалар саны

Несие сомасы, млн. теңге

1

АИО «Оңтүстік» ЖШС және

МҚҰ «Ырыс» ЖШС

42

195,3

2

«Ауыл шаруашылығын қаржылық  қолдау қоры» АҚ

184

620,6

3

«Оңтүстік несие» ЖШС

26 

277,0

4

Мал шаруашылығы саласы бойынша

624,6

5

Жеңілдетілген бағада тыңайтқыштар босату

1599 тн

 

Жинағы

252

1717,5

 (23-слайд) 2019 жылы ауданда зиянкестермен, яғни аса қауіпті марокко шегірткелеріне қарсы 164 гектар (анықталған ошақтары) жерге және жергілікті саяқ шегірткелеріне қарсы 666 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары атқарылды.  

    Анықтау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылы аталған аса қауіпті марокко шегірткелеріне қарсы 510 гектар, жергілікті саяқ шегірткелеріне қарсы 1310 гектар болжамдық химиялық өңдеу жұмыстары атқарылуы тиіс.

(24-25 слайд) Су нысандары.

Ағанай су қоймасы. Нысанның атауы: Ағанай су қоймасы. Орналасқан жері: Ақбастау елді мекені. Пайдалануға берілген жылы: 1976 жыл. Қоймадан суғарлатын көлемі: 70 га суғармалы ш/қ егістік алқабы. Су қойманың су жинау мүмкіндігі: 201 мың м куб2012 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Көкібел су қоймасы. Нысанның атауы: Көкібел су қоймасы. Орналасқан жері: С.Рахимов ауыл округі. Пайдалануға берілген жылы: 1984 жыл. Қоймадан суғарлатын көлемі: 70 га суғармалы ш/қ егістік алқабы 40 га үй іргелік жер. Су қойманың су жинау мүмкіндігі: 151 мың м куб. 2012 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Рабат су қоймасы. Нысанның атауы: Рабат су қоймасы. Орналасқан жері: Рабат елді мекені. Пайдалануға берілген жылы: 1972 жыл. Қоймадан суғарлатын көлемі: 30 га суғармалы ш/қ егістік алқабы. Су қойманың су жинау мүмкіндігі: 400 мың м куб.

(26-слайд) 2020 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 45 млрд 757,1 млн теңгеге, нақты көлем индексін-105,0 пайызға жеткізу межесі тұр.

 Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған  инвестициялардың нақты көлемінің индексінің межесі 3 000,0 млн.тенге,

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексінің межесі 1 500,0 млн. теңге.

Сонымен бірге жылыжай құрылысының межесі 40 гектар, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау межесі 76 бірлік, егіс көлемінің межесі 84,5 мың гектар, қарқынды бау шаруашылығын дамыту межесі 100 гектар, қайта өңдеу кәсіпорорындарын ашу межесі 1-бірлік.

(27-слайд) Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің «2-3 өнім алу жобаларын өндіріске ендіру» тапсырмасы бойынша 75 жобаны өндіріске ендіру межесі тұр.

 (28-29-30-слайд) Бұл жетістіктерді тұрақты дамыту үшін ауданымызда егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау егу, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұның айқын нәтижесі ретінде 2019 жылы облысымызда қараша айында өткен «ALTYN-KUZ-2019» ауыл шаруашылығы мерекесі өтіп, аудан диқандарының қажырлы еңбегінің арқасында «Астық өндіруші озат аудан», «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған» номинациясы бойынша жүлделі 3-ші орынға ие болдық.Сондай-ақ «Озат астық өндіруші» номинациясы бойынша «Сапа-2002» ЖШС (төрағасы Нұржан Аширов)  және «Озат жүзім өсіруші» номинациясы бойынша «Аманкелді» ЖШС (төрағасы Нұрлан Құралов) марапатталды.

2020 жылы да осы жетістіктерге жету жоспарымызда бар.

Н А З А Р Л А Р Ы Ң Ы З Ғ А         Р А Х М Е Т   !!!

Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:  Н.Қалдыкөзов

Дата публикации
05 мая 2020
Дата обновления
05 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы