Меню

Страницы

Статья

Ономастика, жарнама саласы бойынша

Ономастика, жарнама саласы бойынша

Қазығұрт ауданы бойынша 13 ауыл округі, 64 елді мекені, 490 көше, 72 мектеп бар.

ҚР Үкіметінің 24.02.2014ж «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысы негізінде Шанақ ауыл округі, Шанақ елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге, Қақпақ ауыл округі Заңғар елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге, Қақпақ елді мекеніндегі 8 атауы жоқ көшеге, Қазығұрт ауыл округі Қазығұрт елді мекеніндегі 7 атауы жоқ көшеге тарихи, жер-су атауларын беру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс берілді.

 Аудандағы объектілер мен  әкімшілік-аумақтық бірліктерге тарихи, жер-су атауларын беруді негізге алу мақсатында  Қазығұрт аудан бойынша 3 мектеп, 1 ауыл округі, 1 елді мекен, 1 көшеге атау беру, қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Оның ішінде объектілер бойынша ҚР Үкіметінің 04.04.2019ж №158 Қаулысымен «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Комсомол» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Шәмші Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің  «Жаңаталап» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп заңдастырылды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №133 және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/417-ІҮ бірлескен шешімімен Шарапхана ауыл округі Сарапхана ауылдық округі, Шарапхана елді мекені, Сарапхана елді мекені болып қайта аталды. Және де Жаңабазар ауыл округі әкімінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 46 шешімімен Жеңіс елді мекеніндегі нөмірленген  №1көшеге Ұлытау көшесі деп аталды.  

Ауданда  орналасқан  нысандардың сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерін ретке келтіру бойынша 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Бөлім тарапынан сыртқы жарнама және көрнекі ақпаратты, жарнама тілін реттеу және жүйелеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданда арнайы жұмысшы тобы құрылған. Топтың құрамында қоғамдық ұйымдардың, аудандық кәсіпкерлер палатасының, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жергілікті БАҚ өкілдері тартылған. 

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен  2019 жылғы ақпан айының 26-28 күндері аралығында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты облыстық акциясы ұйымдастырылып өтті.

Сонымен қатар, жұмыс жоспарға «Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты тіл айлығын орындау мақсатында  тамыз айында  Тілдерді оқыту және дамыту орталығында «Сауатты жарнама –аудан көркі» атты   ауыл округінің мемлекеттік тіл, сыртқы (көрнекі) жарнама, ономастика саласы бойынша жауапты мамандарымен жазылған көше аншлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандары атауларының тіл туралы заңға сәйкес жазылуын және эстетикалық безендірілуін және ағарған, тозған, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, қате жазылған мәтіндерді реттеу бойынша түсіндіру семинар ұйымдастырылып өтті.

Дата публикации
04 мая 2020
Дата обновления
04 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы