Тілдерді оқыту және дамыту орталығындағы нысаналы индикаторлардың орындалуы бойынша
Қазығұрт аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес қазіргі таңда ауданда жалпы 106225 халық тұрады. Оның ішінде қазақтар 98922 құраса, қалған 7303 халық өзге ұлт өкілдерінің үлесінде. Атап айтсақ 7303 өзге ұлт өкілінің 6271 өзбек, 241 орыс, 223 татар, 158 ұйғыр, 122 парсы, 41неміс, 19 күрді, 17 украин, 11 әзірбайжан және 200 басқа да ұлт өкілдері тұрады.
Қазақ тілінің ҚазТест жүйесі бойынша: 2019 жылы 106225 халықтың үлесін 94 (99851) пайыз орындалды. Жыл басынан «Тілдерді оқыту және дамыту орталығында» 21 топта 430 тыңдаушы курстан өткізілсе, қалған 632 адам мектеп түлектері үлесінен арттырылды.
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бойынша: 2019 жылы Тілдерді оқыту және дамыту орталығында жалпы 200 тыңдаушы курстан өтсе, оның 23 мемлекеттік қызметші және 177 тыңдаушы бюджет саласының қызметкері.
Орыс тілі: 2019 жылы 106225 халықтың үлесі 60 (63735) пайыз орындалды. Жыл басынан "Тілдерді оқыту және дамыту орталығында" 22 топта 534 тыңдаушы курстан өткізілсе, қалған орындалуы тиіс 528 адам мектеп түлектері үлесінен арттырылды.
Ағылшын тілін: 106225 халықтың үлесін 14,8 (15721 ) пайыз орындалды. Жыл басынан "Тілдерді оқыту және дамыту орталығында" 23 топта жалпы 559 тыңдаушы оқыту курстарынан өткізіліп, 0,2 пайыз орталықтың тыңдаушылары есебінен толық орындалды.
Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері: 2019 жылы 7303 өзге ұлт өкілдерінің үлесін 98,3 пайызға жеткізу жоспарланып, аталған индикаторлық көрсеткіш орталық тыңдаушылары есебінен орындалды.
Үш тіл (қазақ, орыс және ағылшан): 2019 жылы 106225 халықтың үлесі 11 пайызға (11685 адам) пайыз орындалды. Бұл мақсатты индикаторға жету үшін тілдерді оқыту және дамыту орталығындағы тіл үйренушілері қамтылды.