Меню

Страницы

Статья

Ауылдық мәдениет үйлері, клубтар мен кітапханалар бойынша

Ауылдық мәдениет үйлері, клубтар мен кітапханалар бойынша

Бөлімде және бөлімге ведомстволық бағынысты мекемелерде кадрлық құрамы.

Бөлімде 3 мемлекеттік әкімшілік қызметкер, 3 азаматтық қызметші,  «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» МКҚК-да 101 штаттық бірлік болса, оның ішінде 57 шығармашылық қызметкер, «Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 49 штаттық бірлікте жұмыс істеуде, оның ішінде 43-і шығармашылық қызметкер. Тілдерді оқыту және дамыту орталығында жалпы штат саны 15 штаттық бірлік енгізілген.

2019 жылы мәдениет саласына аудан бюджетінен бөлінген қаржыларға материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңарту мен жаңғыртуға жұмсалды. Ауылдық мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға аудан бюджетінен 10341,0 мың теңге қаралып, оның ішінде аудандық мәдениет сарайына Газель автокөлігі сатып алынды, бұрынғы Газель автокөлігі орталық кітапхана балансына өткізілді.  Ауылдық, аудандық кiтапханаларда кітап қорларын жаңа кiтаптармен толықтыру, құрал жабдықтар алуға  1500,0 мың теңге қаралды.   2019 жылғы мерзімді басылымдарға 1200,0 мың теңге игерілді. 

2019 жылы «Ауыл –Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 29421,0 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде: аудандық мәдениет сарайы 20349,0 мың теңгеге, аудандық орталық кітапхана 9072,0 мың теңге қаржыға сыртқы-ішкі ағымдағы жөндеуден өткізілді. 

Сонымен қатар, қатты және сұйық отынмен жылытылатын Қызылқия, Тұрбат, Cарапхана, Үшбұлақ, Жаңабазар және Көкібел  ауылдық мәдениет үйлеріне аудан бюджетінен 31 млн. теңге қаралып, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы қаралған қаржы игеріліп, табиғи газ тартылып, іске қосылып отыр. Осы  және  басқа да қажеттелік ететін мәдениет нысандарының отжағу қазандықтарымен жұмыс істеуге аудан әкімдігінің қаулысымен 13 штаттық бірлікте отжағушы берілді.          

2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына мәдениет үйлері мен клубтарға   1381,0 мың теңге қаралып,  114 тн қатты отынмен қамтамасыз етілді.  

Кітапханаларға 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысында  366 мың теңге қаралып,  40 тн қатты отын тасымалданып, жеткізіліп берілді.

Халыққа ақылы мәдени қызмет көрсету жоспары 2019 жылға  2200,0 мың теңге жоспарланып, жоспар 2200,0 мың теңге, яғни 100% пайызға орындалып отыр.    

Мәдениет үйлерi мен клубтарда, кiтапханаларда қазiргi уақыттың талабына сай тұрғындарға мәдени демалыс, тынығу қызметiн арттыру жұмыстары жылдан жылға артып келеді. Атап айтқанда: мәдениет сарайына қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда жалпы 690 мәдени іс-шара, ауылдық кітапханаларда 720 көпшілік іс-шаралар аудан тұрғындары мен қонақтарына ұйымдастырылып өткізілді. Осы мәдени іс-шарларға талдау жасасақ: ресми, кәсіби мерекелерге 82, рухани жаңғыру бағытында 85, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарғаға арналған  32, кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастарға 105, облыстық байқаулар 3, аудандық байқаулар 25, кездесулер мен танымдық кештер, мерейтойлар және т.б.  тақырыптарда көптеген іс шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Барлық іс-шаралар аудан әкімдігінің ресми сайтына, фейсбук парақшалары мен әлеуметтік интернет желілеріне, баспасөз басылымдарына жарияланып тұрды.

Осы іс-шараларды тамашалауға 29 мың көрермен қамтылды. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастардан 18 мың көрермен қатысып тамашалады.

 Аудан тұрғындарына, жас дарынды  өнарпаздарды қолдау, олардың шығармашылығына көмек көрсету мақсатында барлық мәдениет үйлері мен мәдениет клубтарында құрылымдық 55 үйірме жұмыс істеуде,  оған 780 адам қатысуда. Осы үйірме жұмыстарының жүйелі, жоспарлы жұмыс істеу нәтижесінде ауданның көркемөнерпаздар ұжымының жұмысы  жылдан жылға артып жақсарып келеді.

 Мәдениет үйлері, клуб мекемелері мен кітапханалардың  ішкі –сыртқы безендірілуі, көрнекі үгіт құралдары: 46 билборд, 21 үгіт-насихат тақталары, 120 жуық ұлағатты даналы сөздер тақталары ілінді.

Мәдениет ошақтарының көгалдандыру жұмыстары: жалпы 2019 жылғы көктем айларында мәдениет нысандарының аумағында 500 түп қараағаш, 200 түпке жуық сәнді саялы ағаштар, 800 түпке жуық роза гүл көшеттері/гүлзарлар/ отырғызылып, күтімге алынды.

Дата публикации
04 мая 2020
Дата обновления
04 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы