2019 жылдың қорытындысымен аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан төмендегідей төлемдер төленді:
2019 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 2313,0 млн. теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 1161,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге (ағымдағы жылдың қазан айында қосымша бөлінген) және жергілікті бюджеттен 208,0 млн. теңге, барлығы 3782,0 млн. теңге бөлінді.
Қазығұрт ауданы бойынша 2019 жылы 4653отбасына (отбасы мүшесі 28140 адам) 3782,0 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2019 жылға 19795,0 мың теңге қаражат қаралып, 2019 жылдың 12 айында 428 отбасына 19795,0 мың теңге төленді.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 125 балаға 2044,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер бойынша 6024 адамға 61239,0 мың теңге әлеуметтік жәрдемақылар төленді.
Жазасын өтеп келгендер туралы
Ауданда пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасы бойынша 54 азамат жолданған, олардан 48 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған, ( 15 азамат квота бойынша жұмысқа жолданғандар), 3 азамат шағын несиеге ниет білдіргендер (Қарабау ауыл округінің тұрғыны Н.Смайлов 2,0 млн. теңге несие алды), 3-азамат қысқа мерзімді оқуын бітіріп сертификатын алды. Пробация қызметінің есебінде тұратын жұмыспен қамту орталығына жолданған 54 азаматтан 5 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы пробация қызметі есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен азамат, Алынтөбе ауыл округінің тұрғыны Есіркеп Даулет Есіркепұлына ақпан айында 28252 теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, жеке есеп шотына аударылып берілді.
Отбасылық жағдайлары ескеріліп Қазығурт ауданы әкімдігінің жанындағы өмірлік қиын жағдайдың туындауына орай әлеуметтік көмек көрсету комиссиясының 14 наурыз 2019 жылғы № 03, 13 маусым 2019 жылғы № 6, 10 қыркүйек 2019 жылғы № 9-шы және 14 қараша 2019 жылғы № 11 хаттамаларына сәйкес Пробация қызметінің есебінде тұратын 7 азаматқа (Агзамов М.А. Даулетқұлов Е.М. Ходжаев Қ. Ажикулов Т. Абуов Қ. Бадамбаев А. Ахметов Е.) 50,0 мың теңгеден барлығы 350,0 мың теңге бір жолғы қаржылай материалдық көмек берілді.
Ағымдағы жылдың 17-ші мамыры күні Қазығұрт ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық, медициналық көмектер көрсету үшін «Пробация үйі» ашылды.
ККО-ның төрағасы жазасын өтеген және шартты түрде сотталған адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына, спорт және мәдени шараларына тарту, психологиялық көмек көрсету, медициналық тексерілуден өтуін ұйымдастыру бойынша тиісті сала басшылары мен аудандық пробация қызметі бөлімшесі басшыларына өткен І-ші отырысы 2019 жылдың 16 сәуірі, ІІ-ші отырысы 2019 жылдың 28 маусымы, ІІІ-ші отырысы 2019 жылдың 30-шы қыркүйегі, ІV-ші отырысы 2019 жылдың 24-ші желтоқсаны күндері өтіп, ондағы хаттамалық тапсырмаға сәйкес өткізген іс-шаралар мен мәліметтер талқыланды.
2020 жылдың І тоқсанында аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан төмендегідей төлемдер төленді:
2020 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 953,1 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 196,8 млн. теңге, барлығы 1150,0 млн. теңге бөлінді.
- Қазығұрт ауданы бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанында 1162 отбасының 6869 адамғае 133,0 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ол толығымен төленді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2020 жылға 21325,0 мың теңге қаражат қаралып, 2020 жылдың 1 тоқсанында 350 отбасына 13670,0 мың теңге төленді.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 96 балаға 995,04 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып,
Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер бойынша 4967 адамға 31249,1 мың теңге әлеуметтік жәрдемақылар төленді.
Жазасын өтеп келгендер туралы
Ауданда пробация қызметінің есебінде тұратын жұмыспен қамту орталығына берілген тізімдегі 6 азаматты талдағанымызда, олардан 2 азамат (Есіркеп Даулет Алтынтөбе АӨК-не қарауыл, Имашов Бакадыр Таза су мекемесіне жұмысшы) болып тұрақты жұмыспен қамтылды, ақылы қоғамдық жұмысқа (Дихан Жанат Көп салалы кәсіпорынға, Мауленова Парида Жаңабазар ауыл округі әкімінің аппараты ММ) жолданды, 2 азамат (Смағұл Бексұлтан Қарабау ауылы, Ильяс Мұқтархан С.Рақымов ауылы) қысқа мерзімді оқуға ниет білдірген. Пробация қызметінің есебінде тұратын жұмыспен қамту орталығына берілген тізімдегі 6 азаматтан 1 азаматқа (Есіркепов Даулет) 2020 жылдың 1 тоқсанына 153421 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып толығымен төленді және 6 жасқа дейінгі 1 баласына әлеуметтік пакет 3 айға, ал мектеп жасындағы 3 баласына ыстық тамақ есебінен әрқайсысына 5647 теңгеден барлығы 16941 теңге төленді.
Отбасылық жағдайлары ескеріліп Қазығурт ауданы әкімдігінің жанындағы өмірлік қиын жағдайдың туындауына орай әлеуметтік көмек көрсету комиссиясының 14 ақпан 2020 жылғы № 03 хаттамасына сәйкес Пробация қызметінің есебінде тұратын 1 азаматқа ( Бадамбаев А.) 50,0 мың теңге бір жолғы қаржылай материалдық көмек берілді.
Жаза өтеу орындарынан босатылғандарды оңалту және салауатты өмірге ынталандыру шаралары барысында аудандағы пробация есебінде тұрған азаматтар амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазығұрт аудандық орталық ауруханасынан диспансерлік тексерілуден тұрақты түрде өткізіліп тұрады.