Аудандағы үкіметтік емес ұйымдармен 2020 жылдың І – тоқсанында атқарылған жұмыстар
Қазіргі таңда аудан көлемінде өскелең ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, ардагерлер мүддесін қорғау, жастар бастамаларын дамыту және басқада бағыттарда 7 қоғамдық бірлестік және 6 республикалық, облыстық деңгейдегі ұйымдардың филиалдары жұмыс жасайды.
Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, оларға мемлекеттік тапсырыс беру қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруда оң тәжірибесін көрсетіп келеді.
Осыған орай, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2020 жылы 6 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі бойынша 2020 жылға арналған әлеуметтік жобалар
|
Қ/с |
Әлеуметтік маңызды жобалардың атауы |
Қаржысы (мың тг) |
|
1 |
Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын және Президент Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау шараларын ұйымдастыру |
1 600,0 |
|
2 |
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша шаралар ұйымдастыру |
700,0 |
|
3 |
Ауданда ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау бағытында іс-шаралар ұйымдастыру |
700,0 |
|
4 |
Қазығұрт ауданы көлемінде діни тұрақтылықты сақтау бағытындағы іс - шараларды ұйымдастыру |
3 000,0 |
Аудандағы үкіметтік емес ұйымдармен 2019 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар
Аудан көлемінде өскелең ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, ардагерлер мүддесін қорғау, жастар бастамаларын дамыту және басқада бағыттарда 7 қоғамдық бірлестік және 6 республикалық, облыстық деңгейдегі ұйымдардың филиалдары жұмыс жасайды.
Ауданда азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, оларды жергілікті мемлекеттік органдардың қолдауы негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешудегі рөлін арттыру үшін аудан әкімдігі жанынан құрылған үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
Оларға тиісті заңдар аясында әлеуметтік тапсырыс арқылы аудан бюджетінен 5 млн. теңге қаржы бөлініп: «Қазығұрт ауданы аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды қалыптастыру» тақырыбында іс – шаралар ұйымдастыру (жеңімпаз «Кемел ел» қб), Дәстүрлі емес діни ағым зардаптарымен күрес жүргізу шаралары (жеңімпаз «Кемел ел» қб), «Қазығұрт ауданы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» (жеңімпаз «Ардагерлер кеңесі» қб), «Елбасы Жолдауы мен Рухани жаңғыруды насихаттау шаралары» (жеңімпаз «Ардагерлер кеңесі» қб), «Аудан көлемінде тұрақтылықты қамтамасыз ету» (жеңімпаз «Ардагерлер кеңесі» қб), «Дін саласын тұрақтандыруға арналған іс-шаралар» (жеңімпаз «Кемелді ел» қб) тақырыптары бойынша 6 жоба жүзеге асырылды.
|
Р/с |
Қызмет көрсетудің атауы |
Қаржысы (мың тг.) |
|
1 |
«Қазығұрт ауданы аумағында діни экстремизм, терроризм, кереғар ағымдар мен секталардың іс-әрекеттерінің алдын алуды қалыптастыру» тақырыбымен іс-шаралар ұйымдастыру |
1 490,0 |
|
2 |
Дәстүрлі емес діни ағым зардаптарымен күрес жүргізу шаралары |
1150,0 |
|
3 |
Елбасы Жолдауы және Рухани жаңғыруды жүзеге асыру шараларын ұйымдастыру |
200,0 |
|
4 |
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар ұйымдастыру |
200,0 |
|
5 |
Діни тұрақтылықты нығайтуға бағытталған іс – шаралар ұйымдастыру |
880,0 |
|
6 |
Ауданның әлеуметтік тұрақтылығын сақтау бағытында іс-шаралар ұйымдастыру |
800,0 |