Аудандағы саяси ұйымдармен 2020 жылдың І-тоқсанда атқарылған жұмыстар
Ауданда әрекет ететін 2 саяси партиялар бар. Атап айтқанда: «Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы, «Ауыл» Халықтық Демократиялық патриоттық партиясы аудандық өкілдігі.
«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалында бүгінгі таңда мүше саны 6814 адам, 15 бастауыш ұйымдары бар. Аталған партия аудан халқымен тығыз байланыста, әсіресе әлеуметтік-экономикалық көкейкесті мәселелерді жергілікті атқарушы органдар тарапынан шешуде жан-жақты қоғамдық шаралар өткізу арқылы өз ықпалын тигізуде. «Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалымен бірлесіп 12 іс-шаралар атқарылып, БАҚ-да және фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.
«Ауыл Халықтық Демократиялық патриоттық партиясы аудандық өкілдігі 503 мүшелерімен партияға мүше тарту және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау жұмыстарын жүргізуде.
Аудандағы саяси ұйымдармен 2019 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар
«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалында мүше саны 6685 адам, 15 бастауыш ұйымдар бар. Аталған партия аудан халқымен тығыз байланыста әсіресе әлеуметтік-экономикалық көкейкесті мәселелерді жергілікті атқарушы органдар тарапынан шешуде жан-жақты қоғамдық шаралар өткізу арқылы өз ықпалын тигізуде. «Nur Otan» партиясымен бірлесіп 48 іс-шаралар атқарылып, БАҚ-да және фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.
Ал «Ауыл Халықтық Демократиялық патриоттық партиясы аудандық өкілдігі 498 мүшелерімен партияға мүше тарту үгіт насихаттық жұмыстарын жүргізуде.