Жер қатынастары саласы бойынша 2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар
Ауданның жалпы жер қоры – 409 429,0 гектарды құрайды. Аудан бойынша барлық жер пайдаланушылары жер санаттары 2019 жылдың 1 қарашасындағы жер есебі бойынша: ауылшаруашылығы жерлері – 275 534,0 гектар, елді мекен жерлері – 39 701,0 гектар, өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер – 2274,0 гектар, орман қорының жері – 60,0 гектар, су қорының жері – 424,0 гектар, мемлекеттік қордағы жерлер – 8495,0 гектар болып бөлінді.
Сонымен қатар, аудандық жер қатынастары бөліміне 2020 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 85 өтініштер түскен. Оның ішінде: Заңды тұлғалардан – 14; жеке тұлғалардан - 71; қанағаттандырылғаны- 77, түсіндірілгені-6, бас тартылғаны-2.
Бөлімге келіп түскен, орындалған кіріс-шығыс хаттары бойынша бөлімге жалпы саны 331 хат тіркеліп, 204- шығыс хаты жолданған.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылдың І тоқсанында бөліммен қаңтар мен ақпан айланыда 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілсе, наурыз айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің қайта жасақтауына байланысты бөлімде 8 қызмет түрлері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Бөлімге жалпы саны - 656 өтініш қабылданған.
Оның ішінде:
1) жерге орналастыру жобасын бекітуге – 500,
2) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 0,
3) жер учаскесін сатып алу –сату шарттарын жасасу-17,
4) жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу-139,
Қалған 4 қызмет бойынша қаңтар айында өтінш түспеген.
-Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға байланысты:
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 18 тамыз 2016 жылғы №308 жарлығымен «жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге» 2021 жылға дейін мораторий жарияланған.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 02.11.2015 жылғы № 387-V ҚРЗ Заңымен ҚР Жер және ҚР ӘҚБТ кодекстерінің кейбір баптарына өзгерістер енгізілді.
Жер Кодексінің 145-бабының 1 тармағында. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды орталық уәкiлеттi орган, жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдар, өзге де уәкiлеттi органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері өздерінің құзыреттері шегінде жүзеге асырады делінген.
Жерлерді айналымға алу
Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға алу ауданның даму жоспарының мақсатты индикаторлар тізбесіне енгізілген.