Меню

Страницы

Статья

2019 жылдың есебі

Қазығұрт ауданының барлық жер көлемі 409304,0 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 275296,0 гектар, оның ішінде егістік жерлер 100928,0 гектар, суармалы егістік 13500,0 гектар, көп жылдық екпелер 2276,0 гектар, шабындық жерлер 30902,0 гектар, жайылымдар 133634,0 гектар,  7882,0 гектар өзге жерлер.

Жер санаттары бойынша:

- Ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 275296,0 гектар.

-  Елді мекендердің жерлері 39701,0 гектар,

- Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 2274,0 гектар,

-  Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 76573,0 гектар,

-  Орман қорының жерлері 60,0 гектар,

- Су қорының жерлері 424,0 гектар,

-  Ауданның арнайы қорындағы жерлер 8732,0 гектар

Қазығұрт ауданының  барлығы 6244 гектар жерін Төлеби (4524 га), Сайрам (1720 га)  аудандары пайдалануда.

Ауданда барлығы 3688 агроқұрылым бар, оның ішінде 3375 шаруа қожалығы, 105 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 127 өндірістік кооператив, 2 мемлекеттік заңды тұлға және 79 саяжай пайдаланушылар.

Аудандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің басым көпшілігі мемлекеттік емес тұлғалар иелігінде. Яғни, 130880 гектар 3375 шаруа қожалықтарына (47 пайызды), 41522,0 гектар 105 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне (15 пайызды), 81292,0 гектар 127 өндірістік кооперативтеріне (30 пайызды), 21593 гектар 2 мемлекеттік заңды тұлғаларға (8 пайызды) құрайды.  

Ауылшаруашылығы мақсатындағы 275296 гектар жердің 270 991 гектары 3368 тұлғаға жалға, ал 4305 гектары 150 тұлғаға жеке меншікке берілген. 

2018 жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстарының нәтижесінде аудан аумағында әрбір ауылдық округ бойынша пайдаланылмай жатқан 133 тұлғаның 2841,599 гектар жер учаскелері, оның ішінде 54 тұлғаға тиесілі егістік жер учаскесі 745,22 гектар, одан 38 тұлғаға тиесілі суармалы жер учаскелері 247,75 гектар, 56 тұлғаға тиесілі жайылым жер учаскелері 2092,0 гектар жер учаскелері анықталды. Осы жерлердің ішінен барлығы 886,6 гектар (егістік-18,76 га, шабындық 57,64 га, жайылым 810,2 га) жерлер аудан әкімдігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы №151 санды қаулысымен ауданның арнайы жер қорына енгізілген болатын.

Ағымдағы жылы  85 тұлғаға  қайта  түгендеу жұмыстарын жүргізіп,  нәтижесімен 40 жер иеленуші (1203,2 га) қайта игеруге кіріскені, 23 жер иеленуші (747,35га) қатарынан екі жыл мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығы анықталып, бүгінгі таңда сотқа талап арыз беру үшін құжаттары жинақталуда.  

Ал,  қалған  22    кәсіпкерлік мақсаттағы жер пайдаланушыларға  (4,451га)  қайта  түгендеу жұмыстарын жүргізіп,  нәтижесімен 10 жер иеленуші (1,497 га) қайта игеруге кіріскені, 12 жер иеленуші (2,954га) мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығы анықталды. Аталған жерлер бойынша Түркістан облысы жер инспекциясы басқрмасына шара көру үшін хат жолданды.

2019 жылы түгендеу жұмыстарының нәтижесінде аудан аумағындағы 10 ауыл округтері бойынша пайдаланылмай жатқан 96 тұлғаның 5408 гектар жер учаскелері оның ішінде, 8 тұлғаға тиесілі егістік 859,0 гектар одан 63 тұлғаға тиесілі 201,0 гектар суармалы егістік, 25 тұлғаға тиесілі 4549,0 гектар жайылым жер учаскелері анықталған. Бүгінгі таңға хабарламалар дайындалып, жерлерін пайдаланбай бос қалдырған жер иелеріне таратылды. 

Осы анықталған жерлердің ішінен аудан әкімдігінің 19.02.2015 жылғы  №65 қаулысымен Калиева Алтын Амангельдыевнаға Қақпақ ауыл округі аумағындағы ауданның арнайы қорынан 800,0 га жайылым, Тұрбат ауыл округі аумағындағы ауданның арнайы  қорындағы  1437,0 га  жайылым  жер  учаскесілерін  іздестіру  жұмыстарын жүргізу  үшін  2016  жылдың  10  ақпанынан  2019  жылдың  10  ақпанына  дейін пайдалануға рұқсат  берілген. Бүгінгі таңда аталған қаулының мерзімі өтуіне байланысты мемлекеттік тіркеу мен АИС «Мемлекеттік жер  кадастр»  дерекқорларынан   алу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының «Жер кадастр және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің Қазығұрт ауданы бойынша филиалына хат жолданып, мемлекеттік актілерінің күші жойылып, мемлекетке қайтарылды.

Одан бөлек, Қазығұрт  ауданы прокуратурасымен 2018 жылы жүргізілген тексеру нәтижесімен, Қазығұрт  ауданы  әкімдігінің  22.12.2007 жылғы  Қызылқия,  Шанақ,  Шарапхана  ауыл округтеріндегі  ауданның  арнайы  жер  қорынан  С.Ногаеваның  шаруа  қожалығына барлығы-192,5 га,  оның  ішінде  Қызылқия  ауыл  округінен  суғармалы  егістік -2,5 га, Шанақ  ауыл  округінен  жайылым-150 га, Шарапхана  ауыл  округінен жайылым-40га жерлер  49  жылға  беру туралы №538 қаулысы  жалған екендігі  анықталуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының «Жер кадастр және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің Қазығұрт ауданы бойынша филиалына мемлекеттік тіркеу мен АИС «Мемлекеттік жер  кадастр»  дерекқорларынан   алу мақсатында хат жолданып, мемлекеттік актілерінің күші жойылып, мемлекетке қайтарылды.

Прокуратура органдарымен бірлесіп түгендеу жұмыстары нәтижесінде АИС «Мемлекеттік жер кадастр» дерекқорынан Қазығұрт ауданы аумағында 991 жердің (шешімдерімен, қаулылары) пайдалану мерзімі өткені анықталып, қайта талдау (түгендеу) жұмыстарын жүргізіп, 704 жер учаскесінің пайдалану мерзімінің өткендері бойынша (497 тұрғын үй салу үшін, 181 мемлекеттік мекемелер, 31 ЖШС барлық жер көлемі 79,9266 гектар) Мемлекеттік тіркеудің және сәйкестендіру құжаттарын электронды базадан алып тастау үшін «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалының «Жер кадастр және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің Қазығұрт аудандық бөлімшесіне хат беріліп, аталған жер учаскелерінің мемлекеттік тіркеулері және сәйкестендіру құжаттары электронды базадан алынды.

Одан бөлек түгендеу нәтижесінде аудан көлемінде 5 ауыл октугтеріндегі жерге сәйкестендіру құжатын алмаған 47 шаруа қожалығықтары, және 7 ауыл округтеріндегі шаруа қожалықтары қайтыс болған, алайда жер учаскелерінің құжаттары рәсімделген 19 жерлер анықталған.

2019 жылы 5 конкурс өткізіліп 42 агроқұрылымға барлығы 523,12 гектар оның ішінде егістік 229,42 гектар егістік, одан суармалы 129,42 гектар, жайылым 293,7 гектар ауданның арнайы жер қорындағы ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен беріліп, қайта айналымға қосылған.

Жалпы кәсіпкерлік мақсаттағы 230 гектар жер учаскелері 605 тұлғаға берілген.

Кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер бойынша түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 27.02.2019 жылғы №150 санды хатпен 17 тұлғаға тиесілі 2,779 гектар,  29.03.2019 жылғы №253 санды хатпен 8 тұлғаға тиесілі 4,5881 гектар  және 05.04.2019 жылғы №278 санды хатпен 6 тұлғаға тиесілі 1,068 гектар, 17.05.2019 жылғы №101-75 санды хатпен 14 тұлғаға тиесілі 11,36 гектар, барлығы 45 тұлғаға тиесілі 19,7951 гектар жер учаскелері пайдаланылмай бос жатқаны анықталып, шара көру үшін облыстық жер инспекциясы басқармасына жолданды. Бүгінгі таңда түгендеу жұмыстары жалғасуда.

2019 жылы кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін жеке меншікке сату жөнінде 5 аукцион өткізіліп, көлемі 5,01 гектар жер учаскелері 16 196,3 мың  теңгеге сатылып, аудан бюджетіне аударылған.

Тұрғын үй және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 22 884 тұлғаға 4328 гектар (тұрғын үй-1133 га, қосалқы шаруашылық жүргізу-3195 га)

Бүгінгі күнге аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған барлығы 6912 азаматтардың өтініштері кезекке қойылған.

     Оның ішінде:

       1) Қазығұрт ауыл округінен- 6515;

       2)  Қ. Әбдәлиев а/о, Еңбекші елді мекенінен-79;

       3) Қ. Әбдәлиев а/о, Қ. Мамбетұлы елді мекенінен-17;

       4) Шарапхана елді мекенінен-101;

       5) Талдыбұлақ елді мекенінен-11;

       6) Жіңішке елді мекенінен-38;

       7) Майлыошақ елді мекенінен-19;

       8) Махамбет елді мекенінен-21;

       9) Шанақ ауыл округі, Ақжар елді мекенінен-1;

       10) Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінен-8;

       11) Жігерген ауыл округі, Тесіктөбе елді мекенінен-1;

       12) Сабыр Рақымов ауыл округі, Қызылата елді мекенінен-1

Осы кезектіліктің 96 пайызы Қазығұрт ауыл округінен. Кезектілікті шешу мақсатында Қазығұрт ауыл округіне қарасты «Шығыс» мөлтек ауданының 1023 гектар жеріне Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, инфрақұрылым жұмыстары жүргізілетін болса, кезекте тұрған азаматтардың өтініштері қанағаттандырылған болар еді.

Жерді жалдау құқығы бойынша 2019 жылы 2 940,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты 3 028,9 мың теңге бюджетке түсіріліп, жоспар 103,0 пайызға орындалды.

2019 жылы жер учаскесін сату бойынша бюджет кірісіне түсетін төлемдер 24364,0 мың теңгеге жоспарланып нақты 28 107,6 мың теңге бюджетке құйылып, жоспар 115,4 пайызға орындалды.

2019 жылы бөлімге барлығы 389 жоғарғы органдардан сұраныс хаттар, 42 заңды тұлғалардан 139 жеке тұлғалардан жер учаскелерін бөліп беруді, шешім, қаулыларға өзгеріс енгізіп беруді сұраған арыздар келіп түскен. Оларға тиісті жауаптар берілген. Одан бөлек Е-лицензиялау бағдарламасы бойынша жер учаскелерінің мақсатын өзгертіп беру, жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер учаскелерінің бағалық құнын бекіту, түрлі мақсаттағы жер учаскелеріне келісім шарт жасау бойынша 484 өтініштер түскен. Мерзімі бұзылған өтініштер болған жоқ.

Дата публикации
02 мая 2020
Дата обновления
02 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы