Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі және 2020 жылы алда тұрған міндеттері жайлы.
Өңіріміздегі өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына ауданымызда ашылған индустриалдық аймақтың үлесі мол.
Бүгінгі таңда, «Қазығұрт» индустриялдық аймақта жалпы 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған.
Индустриялдық аймақта орналасқан «CG Foods Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі 2019 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Асқар Маминнің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Жалпы инвестиция көлемі 5,7 млрд. теңге, 2019 жылы 1,1 млрд. теңге инвестиция салынып өндірісті жаңғырту арқылы тез әзірленетін тағамдар шығаратын зауыт 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап тез әзірленетін 10 түрлі «Қазан» және «Wai-Wai» маркалы кеспе өнімін шығаруда. Бүгінгі таңда 80 адам жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпорынның даму жоспарына сәйкес алдағы жылдары жұмысшылар саны 300 жететін болады. Кәсіпорын жылына 1100,0 тонна өнім шығарып, өнімнің20% Қазақстан Республикасы аумағында, ал 80% Орта Азия елдеріне экспортталатын болады.
Сонымен қатар, индустриялды аймақтағы кәсіпорындар жыл санап өнімдерін арттыруда. Соның бірі «Көрік ШҚ» ЖШС-ның алкогольсіз табиғи шырын сусындар (сок) шығару цехы. Бұл кәсіпорынға қажетті шикізат алма, алмұрт, жүзім және қызанақ өнімдері толық ауданның шаруаларынан жинақталып өңделуде.
2020 жылы «Асыл бастау кz» ЖШС-ның «Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару» жобасын іске асыру арқылы ауданның толық сүт өнімін өңдеу арқылы құрғақ сүт, сары май, айран, қаймақ және ірімшік шығару көзделуде. Бұл кәсіпорынға индустриалды аймақтан 2 гектар жер телімі берілген. Қосымша ауласына минералды су шығару цехын іске қосуды жоспарлауда.
Ауданымызда бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 19 өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Осы кәсіпорындармен 2019 жылдың қорытындысымен 7840,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп нақты көлем индексі 105,2% құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 412,4 млн. теңгеге артық өнім өндіріліп отыр. (2018ж. 7427,9 млн.тг).
Өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына «ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы және аудандағы индустриалдық аймақтың үлесі мол.
2019 жылдың қорытындысымен негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 19 851,1 млн. теңге жетіп, өткен жылға 104,9% құрады. одан: жеке инвестиция көлемі 8605,2 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңіне 117,4% өсіп отыр. (2018ж. 7330,7 млн.тг).
Шағын және орта бизнес.
Мемлекетті бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы ауданымызда шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Атап айтқанда 2019 жылы жалпы құны 1223,9 млн. теңгелік 32 шағын жобалар іске қосылып, 195 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. (Сауда орталықтары, азық түлік дүкендері, балабақшалар, медицина орталығы, жиһаз дүкені, техникалық жөндеу орталығы, монша және т.б.).
2019 жылы жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 10151 бірлікке жетіп, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 9816 бірлікті құрап, жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 96,7% құрады. (2019ж. жоспар 92,0%). Осы бағытта ауданымызда 11795 адам жұмыспен қамтылып, өндірілген өнім көлемі 69 801,5 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,6% артты.
Шағын және орта бизнестің дамуына әрине жеңілдетілген несие қажет. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен қаржы ұйымдары арқылы 2019 жылы 4881 тұлғаға 3508,1 млн. теңге несие берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласын құрауда.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін жалпы 49 жоба қолдау алған болса, одан: 2019 жылы 4 жоба қолдау алып отыр.
(Атап айтқанда: Шарапхана ауыл округінен «Қазығұрт нұры» ЖШС-гі жылыжай шаруашылығын дамытуға алған несиесі субсидиялануда.
Жаңбазар ауыл округінен «АРТ Құрылыс» ЖШС-гі құрылыс саласына алған алған несиесі субсидиялануда.
Қазығұрт ауыл округінен ЖК «Zhakyp IB» Тастанов Нұрсұлтан Жақыпұлы «Сулы дисперсионды бояулар шығару» жобасы конкурсқа ұсынылып ӨҮК-нің шешімімен 3,0 млн.теңге мемлекеттік грант ұтып алды.
Шарбұлақ ауыл округінен «Береке-агро СТК» ӨК-нің бау-бақшаларды дамыту үшін қажетті су құбырын және су қоймасын салу жобасын іске асыруға ӨҮК-нің 29.08.2019ж. №6 хаттамасы негізінде 541,3 млн.теңге бюджеттен қаржы қарау мақұлданды.)
2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 410 адам оқытылды. Одан: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек"» мемлекеттік бағдарламасы аясында 268 тұлға 921,5 млн. теңге несие алып өз кәсіптерін бастап, кәсіпкерлікпен айналысуда.
Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында ауданның 18-29 жас аралығындағы 199 - жас азаматтар және 136 - көп балалы аналар, 19 - мүмкіндігі шектеулі жандар, жалпы 354 - адам шағын кәсіптерін ашу үшін 505,0 мың теңгеден қайтарымсыз мемлекеттік грант алып отыр.
Ауданда туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Осы орайда ауданда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.
Бұл салада ауданда бірқатар туристік нысандар бар.
Атап айтқанда:«Ақбура әулие», «Ысмайыл ата», «Ысқақ ата», «Көктен ата», «Есенаман қалпе», «Жылқышы ата», «Жақсығұл мерген» кесенелері және «Кеме қалған» монументі.
Туристік нысандарды жаңғырту мақсатында, Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» кесенесі аумағында орналасқан «Қошқар ата» кесенесін «Қазқайтажаңарту» РМҚ Түркістан филиалы арқылы 30,0 млн.теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Өгем филиалында экологиялық туризм саласы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумаққа шекаралас орналасқан елді мекендердің тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында 11 рет туристік-экологиялық сауаттылық сабақтары мен түсіндірме әңгіме лекциялары және аудан тарихын насихаттау мақсатында аудандық музейге «Музей түні» экскурсиясы ұйымдастырылды.
«Жастар жылына» орай «Сайрам-Өгем» ұлттық мемлекеттік паркіне қарасты Өгем тауына саяхат ұйымдастырылды. Өгем тауының 2900 метр биіктікке орналасқан шыңға «Жастар шыңы» атауы берілді.
2020 жылы алда тұрған міндеттер:
- Өнеркәсіп өнімінің көлемін 7866,0 млн.теңгеге, нақты көлем индексін 105,0 % кем болмауын қамтамасыз ету.
- Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемін 6507,3 млн.теңгеге, нақты көлем индексін 105,0 % кем болмауын қамтамасыз ету. Ол үшін аудандағы кәсіпорындарға өнім өткізу, қажетті қолдау көрсету арқылы қол жеткізу.
- Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 93,0 % кем болмауын қамтамасыз ету. Бұл бағытта аудандық кірістер басқармасымен бірге тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізу.
- Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 103,0 арттыру. Ол үшін аудандағы сауда саласындағы кәсіпкерлердің 1-ВТ есептерін уақытылы тапсыруына ықпал жасап.
- Ауыл округтерінен жинақталған жалпы құны 2,0 млрд.теңгелік, 180 жұмыс орнын құрайтын 50 шағын жобаларға қажетті көмек көрсетіп мерзімінде ашылуына ықпал жасау.
- Сарапхана ауыл округінен «Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару» жобасын және «Минералды су шығару» жобасын жүзеге асыру.
- Қақпақ ауыл округінен «Ынтамық» СТК-ның құны 400,0 млн.теңгелік, 6 тұрақты жұмыс орнын құрайтын, қуаттылығы сағатына 1000 кВт кіші ГЭС жобасын жүзеге асыру.
- «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бағдарламасы аясында 28 потенциалды жобаның қатысуын қаматамасыз ету.
- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 5 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру, оның ішінде:
банк несиелерін субсидиялау, кепілдендіру – 2 жоба;
гранттық қаржыландыру – 2 жоба.
қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – 1 жобаинфрақұрылым құны 541,3 млн.теңгелік «Береке-агро СТК» ӨК-нің бау-бақшаларды дамыту үшін қажетті су құбырын және су қоймасын салу жобасын іске асыру.