Меню

Страницы

Статья

Ауданда туризмді дамыту

Ауданда туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Осы орайда ауданда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.

Бұл салада ауданда бірқатар туристік нысандар бар.

Атап айтқанда:«Ақбура әулие», «Ысмайыл ата», «Ысқақ ата», «Көктен ата», «Есенаман қалпе», «Жылқышы ата», «Жақсығұл мерген» кесенелері және «Кеме қалған» монументі.   

Туристік нысандарды жаңғырту мақсатында, Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» кесенесі аумағында орналасқан «Қошқар ата» кесенесін «Қазқайтажаңарту» РМҚ Түркістан филиалы арқылы 30,0 млн.теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Өгем филиалында экологиялық туризм саласы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумаққа шекаралас орналасқан елді мекендердің тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында 11 рет туристік-экологиялық сауаттылық сабақтары мен түсіндірме әңгіме лекциялары және аудан тарихын насихаттау мақсатында аудандық музейге «Музей түні» экскурсиясы ұйымдастырылды.

«Жастар жылына» орай  «Сайрам-Өгем» ұлттық мемлекеттік паркіне қарасты Өгем тауына саяхат ұйымдастырылды. Өгем тауының 2900 метр биіктікке орналасқан шыңға «Жастар шыңы» атауы берілді.

Дата публикации
01 мая 2020
Дата обновления
01 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
29 сентября 2026
Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
24 августа 2026
Қазығұрттың негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы