Шағын және орта бизнес.
Мемлекетті бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы ауданымызда шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Атап айтқанда 2019 жылы жалпы құны 1223,9 млн. теңгелік 32 шағын жобалар іске қосылып, 195 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. (Сауда орталықтары, азық түлік дүкендері, балабақшалар, медицина орталығы, жиһаз дүкені, техникалық жөндеу орталығы, монша және т.б.).
2019 жылы жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 10151 бірлікке жетіп, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 9816 бірлікті құрап, жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 96,7% құрады. (2019ж. жоспар 92,0%). Осы бағытта ауданымызда 11795 адам жұмыспен қамтылып, өндірілген өнім көлемі 69 801,5 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,6% артты.
Шағын және орта бизнестің дамуына әрине жеңілдетілген несие қажет. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен қаржы ұйымдары арқылы 2019 жылы 4881 тұлғаға 3508,1 млн. теңге несие берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласын құрауда.