Қазығұрт аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2020 жылдың 3 айында атқарған жұмыстары туралы
Аудан аумағындағы тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2020 жылдың 3 айында 85 спорттық іс-шара өткізіліп, 5145 адам қамтылған.
Аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарының саны 2020 жылдың 3 айында спорт нысандарының саны 285-ке жетіп отыр. Оның ішінде: 4-спорт кешені, 7-футбол манежі, 62-спорт залдары, 16-ату тирлері, 196-спорт алаңдары мен алаңшалары. Аталған барлық спорт ғимараттары ауыл тұрғындарына спортпен шұғылданулар үшін қол жетімді.
Аудан тұрғындарының дене шынықтыру және бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 2020 жылдың 3 айында 32380 адамға яғни аудан хылқының 31,1 %-на жетіп отыр.
Спорт резервін дайындау жағдайы
Ауданда 4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс атқарады. Осы аталған 4 спорт мектептерінде 69 жаттықтырушы 152 топта спорттың 17 түрінен (футбол, кіші футбол, баскетбол, волейбол, бокс, қазақ күресі, еркін күресі, грек-рим күресі, дзюдо, самбо, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисі, армрестлинг, ушу-саньда) 12 ауылдық округтерде 2125 жасөспірімдерге жаттығу сабақтарын береді. Аудандық ішкі істер бөлімінің тәртібі қиын балалар тізімінде тұрған жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушыларына бекітіліп, салауатты өмір салтына бейімдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.