Референдум учаскелері жұмысының кейбір мәселелері туралы

  Референдум учаскелері жұмысының кейбір мәселелері туралы

"Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабына, 20-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 25-бабына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 12) тармақшасына, 24-бабының 8-тармағына сәйкес Түркістан облысы Қазығұрт аудандық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аталған учаскеде республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың болмауына байланысты Қазығұрт ауданының № 287 учаскесі құрылған мекеменің басшысы ұсынған деректердің негізінде референдумның көрсетілген учаскесінде дауыс беру жүргізілмейді. Учаскелік комиссияның қызметі 2026 жылғы 14 наурыздан бастап жүзеге асырылмайды.
  2. Осы шешім облыстың аумақтық референдум комиссиясына мәлімет үшін және орындау үшін тиісті учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін.

 

Қазығұрт аудандық аумақтық

референдум комиссиясының төрағасы                      Р.Бобетов

  

Қазығұрт аудандық аумақтық

референдум комиссиясының хатшысы                      Б.Дөненбай

    

Дата публикации
15 марта 2026