|
|
2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарына қосымша: төлқұжат, ағымдағы жағдайды талдау
|
Қазығұрт ауданының
2026-2030 жылдарға арналған
даму жоспары
Қазығұрт, 2025 жыл
Мазмұны
|
1. |
Төлқұжат (негізгі сипаттамалары); |
|
2. |
Аумақты дамыту пайымы; |
|
3. |
Ағымдағы жағдайды талдау; |
|
4. |
Негізгі бағыттар, мақсаттар, түйінді индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері және ресурстар; |
|
|
I Бағыт: Өмірдің жоғарғы сапасы. II Бағыт: Экономиканың берік іргетасы. |
|
|
III Бағыт: Өсудің жаңа нүктелері. IV Бағыт: Экономика мен қоғамның түпкілікті түрленуі. V Бағыт: Өзге мақсаттар. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Атауы |
Қазығұрт ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары |
|
Аймақтың негізгі сипаттамасы |
Қазығұрт ауданы – Түркістан облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Солтүстігінде Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарымен және Шымкент қаласымен, батысында Сарыағаш ауданы және Арыс қаласымен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. Қазығұрт ауданының көп бөлігі Қазығұрт, Өгем және Қаржан таулары аймағында орналасқан. Әкімшілік орталығы Қазығұрт ауылы болып табылады. Аудан аумағы 409,1 мың гектарды құрайды. Халық саны: 118 708 адам. Ұлттық құрамы: қазақтар – 109 129 (92,0%) адам, орыстар - 476 (0,4%) адам, өзбектер – 8 033 (6,7%) және өзге ұлттар – 1 070 (0,9%) адам. Ауданның құрамына 13 ауыл округі, 61 елді мекен кіреді. Олардың орталықтары негізінен қазіргі заманға сәйкес жобамен салынған ірі елді мекендер. |
Бағыттар, негізгі ұлттық индикаторлар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер және нәтиже көрсеткіштері |
БІРІНШІ БАҒЫТ: ӨМІРДІҢ ЖОҒАРҒЫ САПАСЫ 1.1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НҰИ: Туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы. Мақсат: Денсаулық сақтау саласында тиімді профилактиканы қамтамасыз ету және халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру; Көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту; Халықты медициналық көмекпен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету. НИ: Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесін арттыру; Стандартталған өлім-жітім коэффициентінің төмендеуі; Міндет: Жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу үшін мінез-құлық қауіп факторларын азайту арқылы халықтың денсаулығын нығайту; Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін мінез-құлық қауіп факторларының төмендеуі; Өлім-жітімнің негізгі себептерін азайту; Ана мен баланың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету; Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету; Медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру және медицина ғылымын дамыту; Медициналық қызметтер көлемін жоспарлауды және тарифтік саясатты жетілдіру; Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, дәрілік қамтамасыз етуді жақсарту және денсаулық сақтау ұйымының материалдық-техникалық базасы арқылы медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Нәтиже көрсеткіші: Жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулардан және қант диабетінен 30-70 жас аралығындағы мезгілсіз өлім қаупінің төмендеуі; Балалар арасында семіздікпен сырқаттанушылықтың төмендеуі (0 – 14 жас, 100 мың тұрғынға); Психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен сырқаттанушылықтың төмендеуі; Жұқтырмаған 1000 тұрғынға шаққанда АИТВ жұқтырған жаңа тұрғындардың анықталуы; В гепатитімен сырқаттанушылықтың төмендеуі; Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің стандартталған коэффициентінің төмендеуі; Қатерлі аурулардан болатын өлім-жітімнің стандартталған коэффициентінің төмендеуі; 0-I сатысында анықталған бастапқы қатерлі ісіктердің үлес салмағының өсуі (ерте диагностика деңгейі); Туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі; Нәресте өлімінің төмендеуі; Неонаталдық өлім-жітімнің төмендеуі; Балаларды 1 жасқа дейін проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту; Бес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім коэффициенті; Ана өлімін төмендету; Әйелдерді прегравидарлық даярлықпен қамтуды ұлғайту; Бала көтеретін жастағы әйелдерді (15-49 жас) заманауи контрацепциямен қамту; Жасөспірімдер арасында туудың төмендеуі, 15-17 жас аралығындағы 1000 қыз балаға; Ұлттық бағдарламаларға енгізілген барлық вакциналармен иммундаумен қамтылған халықтың нысаналы тобының үлесі кемінде 95%; Медициналық ұйымдардың табиғи-техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық дәрежесі; Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтеріне сәйкес ауыл халқының медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу деңгейін көтеру; Білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалаудан сәтті өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары түлектерінің үлесі; МӘМС жүйесінде халықты қамту деңгейі; Медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейін төмендету. Іс-шара: ЭГЗ уақтылы диагностикалау, емдеу және пренаталды бақылаудың жеке жоспарын жасау үшін жүкті әйелдерді есепке алуды 10 аптаға дейін арттыру; Тиісті жастағы 1000 қызға жасөспірімдер (15-17 жас) арасында түсік жасатуды төмендету бойынша шаралар қабылдау 1.2. БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ НҰИ: PISA тестілеуі негізінде орта білім беру нәтижелерінің сапасы, оқу сауаттылығы; PISA тестілеуі негізінде орта білім беру нәтижелерінің сапасы, математикалық сауаттылық; PISA тестілеуі негізінде орта білім беру нәтижелерінің сапасы, жаратылыстану сауаттылығы; Мақсат: Сапалы және қолжетімді білім беру және мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдылары мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру; Заманауи материалдық-техникалық базасы бар эргономикалық және қауіпсіз орта құру. НИ: 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %; Меншік нысанына қарамастан тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі. Міндет: Тәрбиеленушілердің дағдылары мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру; Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін оларды даярлау, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру жолымен күшейту; Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Нәтиже көрсеткіші: Балалардың мектепалды даярлық деңгейі; Біліктілікті арттыру курстарынан өткен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің үлесі; Жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған мектептердің үлесі. 1.3. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ НҰИ: Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен /кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі, %. Нысаналы индикатор: Табысы кедейлік шегінен төмен халық, адам Мақсат: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту. Міндет: Жастарды жұмыспен қамту шараларына тарта отырып, жұмыссыздарды азайту. Нәтиже көрсеткіші: Жұмысқа орналастырылған азаматтардың, оның ішінде жастардың саны. 1.4. ЖАЙЛЫ ОРТА НҰИ: Өңірлік стандарттар жүйесіне көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, % (АЕМ). НИ: Өңірлік стандарттар жүйесіне көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі: Қала ; АЕМ. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ішкі жолдардың үлесін арттыру; Мақсат: Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және мәдениетті дамыту; Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту; Аудан халқын сапалы көлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; Тұру үшін қолайлы орта құру және елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту; Экологиялық орнықтылықты арттыру. Міндет: Мәдениет саласын одан әрі дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру; Бұқаралық спортты одан әрі дамыту және әлемдік спорт аренасында жоғары жетістіктер спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылым объектілерін жаңғырту; Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту; Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі; Ауыл және қала тұрғындары үшін қолайлы орта құру. Нәтиже көрсеткіші: Типтік ғимараттарда орналасқан мектептердің үлесі; Балаларды қосымша біліммен қамту; Ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; Мәдениет обьектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етудің өсуі; Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі, адам (%) Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі; Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер үлесі; Дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын мүгедектігі бар адамдардың үлесі; Халықтың 1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі; Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету; Электр желілерінің тозуын азайту Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы; Газбен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту; Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу; Халықтың қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қзметтермен қамтамасыз ету; ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін ұлғайту. ЕКІНШІ БАҒЫТ: ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ 2.2. ӨНЕРКӘСІП Мақсат: Өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Міндет: Өнеркәсіп саласын дамыту Нәтиже көрсеткіші: Өнеркәсіп өнім көлемін арттыру; Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі; Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемін арттыру; Өңдеу өнеркәсібі өнім өндірісінің индексі; Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі; Негізгі капиталға салынған инвестициядағы сыртқы инвестиция көлемі. ҮШІНШІ БАҒЫТ: ӨСУДІҢ ЖАҢА НҮКТЕЛЕРІ 3.1. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН НҰИ: АӨК-тегі өңделген өнімнің үлесі, % Мақсат: АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау; Су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру; Міндет: Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру. Суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу; Нәтиже көрсеткіші: Етті өңдеу үлесі; Сүтті өңдеу үлесі; Су үнемдеу технологияларын ендіру; 3.2. ТУРИЗМ НҰИ: Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілетін ішкі туристер саны, мың адам; Мақсат: Өңірдің туристік саласын дамыту үшін жағдай жасау; Міндет: Бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру. Нәтиже көрсеткіші:Тұру және тамақтану қызметтеріне инвестициялар; Нөмірлік қордың санын ұлғайту. НҰИ: Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келуші туристер саны, адам. ТӨРТІНШІ БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМНЫҢ ТҮПКІЛІКТІ ТҮРЛЕНУІ 4.1. ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЦИКЛ НҰИ: Негізгі капиталға инвестициялар. Мақсат: Аудан экономикасын дамытуға инвестиция тарту. Міндет: Өңірге инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау; Нәтиже көрсеткіші: Өңдеу өнеркәсібінің негізі капиталына салынған инвестициялардың көлемін арттыру; 4.2. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК Мақсат: Өңірдің сауда айналымының өсімін қамтамасыз ету. Міндет: Бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы жағдай жасау; Серпінді кәсіпкерлік орта құру; Сауда көлемін арттыру; Нысаналы индикатор: Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығарылымының көлемін арттыру; Нәтиже көрсеткіші: Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілер санын арттыру; Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын арттыру; Бөлшек сауда көлемін арттыру; Көтерме сауда көлемін арттыру; БЕСІНШІ БАҒЫТ: ӨЗГЕ МАҚСАТТАР Мақсат: Балалар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу; ТЖ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инфрақұрылымды дамыту; Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру; НИ: Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейін төмендету (базалық 2022 жылға қатысты); Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес; Міндет: Әйел мен балалардың өмірінқорғау деңгейін көтеру; Қазіргі заманғы есірткі бизнесінің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп қатерлеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру; Халықты және аумақтарды ТЖ мен оның жағымсыз салдарынан қорғау; Нәтиже көрсеткіші: Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылар санын артуы; ТЖ-ға ден қою үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі; Шалғайдағы және ауылдық елді мекендердің халқын өрт сөндіру бекеттерімен қорғау деңгейі; Азаматтық қорғау органдарының авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін бірінші кезектегі материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі; Халықты су тасқынынан, еріген және жаңбыр суларынан қорғау деңгейі; ТЖ қаупі кезінде халықты хабардар ету деңгейі; Оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастар (15-тен 35 жасқа дейін) үлесі; |
|
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаты Қаржыландыру көлемі: 2026 жыл – млрд. теңге; 2027 жыл – млрд. теңге; 2028 жыл – млрд. теңге; 2029 жыл – млрд. теңге; 2030 жыл– млрд.теңге. |
|
*Қаржыландыру көздері бойынша шығыстар сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануы ескеріле отырып түзетілетін болады |
|
Ауданның 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру өңір экономикасының әлеуметтік-экономикалық өсуіне, сондай-ақ ауданның бәсекелестік артықшылықтарын іске асыруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Даму жоспарының басты мақсаты - аудан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Аудан экономикасының басымды бағыттарының бірі бұл ауыл шаруашылығы. Бұл саланың құрылымында үлкен үлес салмақты мал шаруашылығынан кейін өсімдік шаруашылығы орын алып, маңызды өнім түрлерін көкөніс, жеміс-жидектер және дәнді-дақылдар құрайды. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы жаңа технологиялар базасында жақсы дамып келе жатыр.
Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты сала болып табылады. Еңбектің аумақтық үйлестіруінде аудан ауылшаруашылық өнімдері өндірісі мен қайта өндірісіне, құрылыс материалдарын шығару өндірісіне, ауыл шаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау өндірісіне мамандандырылады.
Өңірдің нақты экономикалық секторының бәсекелестігін арттыру дамытудың бірінші басымдылықтары қатарында тұрып, өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізуге, халықаралық стандарттарға өтуге, жаңа технологияларды ендіруге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды көздейді. Өңірдің туристік саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Нәтижесінде ішкі және сыртқы туристер саны артады.
Сонымен қатар, өмір сүруге қолайлы орта құру және елді мекендердің инфрақұрылымын белсенді дамыту жоспарлануда. Бұл ретте ауылдық елді мекендерді дамытуға назар аударылатын болады. Мәселен, аудан халқын табиғи газбен қамтамасыз ету, жергілікті қамтылған жолдарды нормативтік жай-күйге жеткізу жоспарлануда.
Даму жоспарының мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту. Осы бағыт бойынша бірқатар шаралар қабылдау жоспарлануда. Мәселен, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу арқылы жұмыссыздық деңгейін біртіндеп төмендету жоспарлануда.
Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2030 жылы 4,8%- ға дейін төмендейді.
Ауданның барлық балалары сапалы және қолжетімді білім мен мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етіледі. Ол үшін ауданда жаңа мектептер құрылысы жүргізіледі, 3-6 жастағы балалар 100% мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Денсаулық сақтау саласын дамыту жөнінде тиімді шаралар қабылдау нәтижесінде 2030 жылға қарай тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 78,5 жасты құрайды.
Қазығұрт ауданы Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстік жағынан Арыс, Сайрам, Төлеби аудандарымен, оңтүстік-шығысында Өзбекстан Республикасымен, оңтүстігінен Сарыағаш ауданымен шектеседі. Қаржантау (биіктігі 2824 м. дейін) және Өгем (биіктігі 4238 м. дейін) тау тізбегі.
Өзендері – Өгем, Келес, Қаржан және де 20 кіші өзендер бар.
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылы, аудан 1928 жылы құрылған, ауданда 17 ұлт өкілдері жасайды. Оның 92,4 % қазақтар, 6,7 % өзбектер, 0,4 % орыстар және 0,9% басқа ұлт өкілдері қамтиды.
Ауданның территориясы 409,1 мың шаршы метр немесе облыс территориясының 3,5 % құрайды. Аудан тұрғындары ағымдағы жағдаймен – 118 752 адам немесе облыс тұрғындары санының 5,5 % құрайды. (2024 жылы – 118 708 адам, 2023 жылы – 117 544 адам, 2022 жылы – 116 335 адам)
Солтүстік пен оңтүстік бөліктерінің арасы тікелей 95 км.
Аудан негізінен ауыл шаруашылығы ауданы болып саналады. Аудан өзінің ерекше бәсекелік артықшығын құрайтын, мол ресурстарға ие. Бұл еңбекке қабілетті тұрғындардың көп саны, ол қазіргі жағдаймен тұрғындардың жалпы санының 48% құрайды.
Табиғи қазбалардың қорлары саздақ, гипс, бентонитті гипс, шыны, қант және целлюлоза қағаз өндірісіне қажетті карбонатты шикізат, кварцты құм, перлит, обсидиан, минералды бояулар кен орындары бар. Ауданда 6 жер қойнауын пайдаланушы өз қызметтерін атқарады.
Транзиттік басымдылық «Алматы-Термез» автокөлік жолы.
Өңірдегі өнеркәсіптің аудан экономикасындағы маңызы орасан зор. ЖӨӨ құрылымындағы бұл саланың үлесі 14,4%-ды құрайды.
Өңір экономикасын дамытудың басты басымдықтарының бірі нақты сектордың бәсекелесу қабілетін арттыру болып табылады және өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізу, халықаралық стандарттарға өту, жаңа технологияларды ендіру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруды көздейді.
Өнеркәсіптің дамуына позитивті әсері бар өңірдің күшті жақтары:
- ауыл шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік беретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайының қолайлы болуы;
- жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуы үшін, жергілікті шикізаттың болуы;
- өндірістік-экономикалық әлеуеттің болуы;
- кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайдың болуы: қаржылық-несиелік ұйымдар (қаржылық даму институттары, екінші деңгейлі банктер, шағын несиелік ұйымдар, Кәсіпкерлік мектебі), индустриалды аймақтар, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС, түрлі консалтингтік компаниялар және бизнес-инкубаторлар.
Қол жеткен жетістіктерге қарамастан, өнеркәсіптік өсу мен экономикалық белсенділік әлеуетіне ие қала, кенттер мен округтердің, оларды экономикалық өсу орталықтарына айналдыруда нүктелік көзқарас бойынша дамытудағы мәселелер жеткілікті дәрежеде шешілмеуде.
Негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғары пайызы басым округтерде байқалады, өнеркәсіпті жаңғырту дәрежесі, оның өңір экономикасына әсері жеткіліксіз болып қалуда, экспорт көлемінде өнеркәсіптің шикізаттық сектор тауарларының үлесі жоғары болуда. Экспорттың осындай құрылымы өңірдің сыртқы факторларға экономикалық тәуелділігін арттырып отыр, бұл жағдай әсіресе соңғы жылдары тауарлық нарықтарда байқалып отырған жаһандық коньюнктураның тұрақсыздығына байланысты.
Бірқатар салаларды диверсификациялық қайта жабдықтау саясаты, өңірге тән жүйелік әлсіз факторлардың орын алуына байланысты, толық көлемінде іске асырылмады:
Өңірдің бәсекелестік тұрақтылығына жету жолында өңір салалық құрылымының үйлесімділігінің, бір шектің өнімі өзінен анағұрлым жоғары шектің шикізаты ретінде шығатын технологиялық тізбектерді құрудың маңызы аз емес. Осындай вертикаль-интеграциялық үлгіде құрылған кәсіпорындар белгілі салалардың бәсекелестік табысына қажетті болымды массаны құрауға, өнеркәсіп құрылымының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ағымдағы жағдайы
Қазығұрт ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 2024 жыл қорытындысымен 122,4 млрд.теңгені немесе 2023 жылға 119,6% құрады. Соңғы 3 жылда жалпы өңірлік өнім көлемінің өсу динамикасы сақталды ( 2023 жылы -102,5 млрд.теңге, 2022 жылы – 99,8 млрд.теңге).
Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өндірісі қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың тұрақты дамуына ықпал етті.
Сонымен қатар, ауданның инвестициялық ахуалын жақсартып өнеркәсіп өнімінің жылма жыл артуы мақсатында «Қазығұрт» индустриалдық аймағы (35,0га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіндік жасалған.
Бүгінгі таңда, «Қазығұрт» индустриялдық аймақта жалпы 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған.
Индустриялдық аймақта орналасқан «CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісінде жергілікті 84 адам жұмыс жасап, кеспе өнімдерін өндіруде. Өндірілген өнімдер Өзбекістанға экспортталып жатыр.
Сонымен қатар, «Көрік ШҚ» ЖШС-ның алкогольсіз табиғи шырын сусындар (сок) шығару цехыда жұмыс жасап тұр. Бұл кәсіпорынға қажетті шикізат алма, алмұрт, жүзім және қызанақ өнімдері толық ауданның шаруаларынан жинақталып өңделіп облыстың аудан қалаларында дүкен сөрелерінде сатылуда.
«Асыл бастау.кz» ЖШС-ның құны 200,0 млн. теңгелік, қуаттылығы жылына 2400 тоннаны құрайтын, 10 жұмыс орнымен «AQUA THE BEST» атаулы ауыз су өндіру цехы жұмыс жасауда.
Ауданда жалпы 18 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отыр.
Нәтижесінде Қазығұрт ауданында 2024 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 411,8 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 559,5 млн. теңгеге өнім көлемі артты. НКИ 110,2 % құрады. (2023 жылы - 11 852,3 млн.тг, 2022 жылы - 13 588,1 млн.тг)
Ал, өңдеу өнеркәсібінде 11 851,9 млн. теңгеге өнім өндіріліп (жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі 76,9%), өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2 553,2 млн.теңгеге артты НКИ 103,4 % құрады. (2023 жылы - 9 298,7 млн.тг, 2022 жылы - 11 540,0 млн.тг)
Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Қазығұрт ауданының негізгі салаларының бірі. Ауданның көкөніс, жеміс дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.
2025 жылдың І-тоқсан қорытындысымен 7 861,6 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өндірілген болса, 2024 жылы 72 288,6 млн. теңге өнім өндірілді. Оның ішінде: егін шаруашылығында 25 257,3 млн.теңге, нақты көлем индексі 115,2%, мал шаруашылығында 46 663,9 млн.теңге, нақты көлем индексі 115,9% құрады. (2023 жылы – 68 470,5 млн.тг, 2022 жылы – 66 763,8 млн.тг)
Соңғы жылдары ауданның аграрлық секторындағы даму қарқыны жақсы, атап айтқанда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру динамикасы өсіп келеді.
Егін шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды, басым ауылшаруашылық дақылдарының егін алқаптарын кеңейтуді жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мал шаруашылығын дамытуға азық-түлік дақылдарын арттыруға қажетті жұмыстар жүргізілуде. Ауданның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 266 176 гектар, оның ішінде, егіс көлемі 2024 жылға 93 987,4 гектарды құрады.
2024 жылға су үнемдеу технологиясы 401,57 га жерге ендірілді. 161,57 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі. 240,0 гектар жерге жаңбырлатып суғару жүйесі енгізілді.
Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының өсу динамикасы байқалады, 2022 жылдан және 2024 жыл аралығында құнмен есептегендегі жалпы мал шаруашылығы өнімдерінің деңгейі 111,1%-ға артқан (2024 жылы 46 663,9 млн. теңге, 2023 жылы 45 728,7 млн. теңге, 2022 жылы 39 539,2 млн. теңге).
2025 жылдың І-тоқсанында 4,0 мың тонна ет өндірілсе (тірі салмағы), 2024 жылы ет өндіру 39,4 мың тоннаны құрады. (2023 жылы 32,9 мың тонна, 2022 жылы 30,9 мың тонна).
Сонымен қатар, сүт өндіру 5,6 мың тоннаны құрады (2024 жылы 22,2 мың тонна, 2023 жылы 52,7 мың тонна, 2022 жылы 58,8 мың тонна).
Құстардан жұмыртқа өндіру 1 423,5 мың тоннаны құрап отыр (2024 жылы 6 680,4 мың дана, 2023 жылы 7 528,4 мың дана, 2022 жылы 7 322,1 мың тонна).
Мал басын ұлғайту, оның ішінде:
Ірі қара мал (ІҚМ): 2024 жылы – 67,1 мың бас (о.і. сиыр – 52,3 бас), 2023 жылы – 74,0 мың бас (о.і. сиыр – 54,1 мың бас), 2022 жылы –67,2 мың бас (о.і. сиыр – 57,3 мың бас) құраған.
Ұсақ мал (қой мен ешкі): 2022 жылы – 326,2 мың бас, 2023 жылы – 321,0 мың бас, 2024 жылы – 335,5 мың бас құраған. Жылқы: 2022 жылы – 34,8 мың бас, 2023 жылы – 39,7 мың бас, 2024 жылы – 43,5 мың басты құраған.
Құстың барлық түрлері: 2022 жылы – 82,2 мың бас, 2023 жылы – 84,9 мың бас, 2024 жылы – 76,6 мың басты құраған.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі: 2022 жылы 27 224,6 млн. теңгені құраса, 2023 жылы 22 741,8 млн. теңге, құраған. 2024 жылы – 25 624,1 млн. теңге, нақты көлем индексі 112,7%-ды құрап отыр.
Инвестиция
Есепті мерзімде ауданымызда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. 2024 жыл қорытындысымен негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі 43 506,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 122,8% құрады. Оның ішінде:
-Мемлекеттік қаражат – 5 591,4 млн.теңгені;
-Ұйымдар және жекеменшік қаражат есебінен – 33 014,2 млн теңгені;
-Басқа да қарыз (сыртқы) қаражаттар есебінен – 4 900,6 млн. теңгені құрады.
2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 33 659,1 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 141,9% құраған. Оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 4 080,1 млн.теңгені (үлесі 12,1%), жергілікті бюджет есебінен 1 766,5 млн.теңгені (үлесі 5,2%), меншікті қаражат есебінен 27 333,3 млн.теңгені (үлесі 81,2%), басқа да қарыз қаражаты есебінен 370,3 млн. теңгені (үлесі 1,1%) құраған.
2022 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 23 066,2 млн.теңгені, нақты көлем индексі – 123,6% құраған. Оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 1 480,5 млн.теңгені (үлесі 6,1%), жергілікті бюджет есебінен 2 222,0 млн.теңгені (үлесі 9,6%), меншікті қаражат есебінен 19 063,9 млн.теңгені (үлесі 82,7%), басқа да қарыз қаражаты есебінен 151,2 млн.теңгені (үлесі 0,7%) құраған.
Шағын және орта бизнес
Мемлекетті бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы ауданымызда шағын және орта бизнес саласы дамып келеді. Жыл басында ауыл округтерінен шағын жобалар жинақталып, жыл көлемінде рұқсат құжаттарын рәсімдеуге, несие алуға көмектер көрсетіліп келді. Нәтижесінде Өткен 2024 жылы жұмыс істеп тұрған 14 189 шағын кәсіпкерлік субъектілерде 19 089 адам жұмыс істеп, 155,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді (өсім 133,5%).
2023 жылы іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 14 071 бірлікті құраған.
2022 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 529 бірлікті, іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 368 бірлікті немесе 128,3% құраған.
Сауда
2025 жылдың І тоқсан қорытындысымен бөлшек сауда көлемі 1,9 млрд теңгені құрады (2024 жылы – 17,5 млрд теңге 2023 жылы – 11,6 млрд теңге, 2022 жылы – 8,8 млрд теңге).
Оның ішінде бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2025 жылдың І тоқсанына 108,6% (2024 ж. – 111,0%, 2023 ж. – 106,7%, 2022 ж. – 102,2%) құрады.
2025 жылдың І тоқсан қорытындысымен көтерме сауда көлемі 0,8 млрд теңгені құрады (2024 жылы – 6,0 млрд теңге, 2023 жылы – 1,4 млрд теңге, 2022 жылы – 3,0 млрд теңге).
Оның ішінде көтерме сауданың нақты көлем индексі 2025 жылдың І тоқсанына 236,2% (2024 ж. – 112,9%, 2023 ж. – 100,3%, 2022 ж. – 101,0%) құрады.
Құрылыс
2024 жылдың қорытындысымен орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 11,6 млрд теңгені құрады ( 2023 жылы – 9,1 млрд теңге, 2022 жылы – 7,7 млрд теңге).
Оның ішінде 2024 жылы құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 111,4% ( 2023 ж. – 119,2%, 2022 ж. – 109,5%) құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2022 жылы 27 569 шаршы метрді құраса, 2023 жылы 27 976 шаршы метрді құрап,нақты көлем индексі 101,5%-ды құраған, 2024 жылы 31 639 шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 113,1%-ды құраған.
Туризм
Аудан таулы аумақ туризмін және киелі орындарды дамытуға қолайлы аймақ.
Қазығұрт ауданының кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристер саны 2023 жылы 1 195 адамды құраса, 2024 жылы 3 675 адамды құраған.
Орналастыру орындары мен көрсетілген қызмет көлемі 2023 жылы 122 143,0 мың теңгені құраса, 2024 жылы 130 588,0 мың теңгені құраған.
Орналастыру орындарының саны 2022 жылы – 5 бірлікті, 2023 жылы бұл көрсеткіш – 5 бірлікті, 2024 жылы 6 бірлікті құрады.
Төсек-орын саны бойынша 2022-2024 жылдары 493 бірлікті құрады.
Білім беру
2024 жылы жалпы аудан бойынша 32 141 оқушыны қамтыған 79 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде: 60–жалпы орта, 5–негізігі орта, 6-бастауыш, 3 – облыстық (2 – Дарын, 1 – Интернат), 5 – жеке меншік (2 –жалпы орта, 3- бастауыш). Жалпы 86 балабақша, оның ішінде мемлекеттік - 5, 8-мемлекеттік сенімгерлік басқару, жекеменшік – 73, барлық тәрбиеленушілер саны– 9 763. 2024 жылы 300 орындық Т.Тула атындағы жалпы орта мектебі, 300 орындық С.Рақымов атындағы жалпы орта мектебі, 100 орындық Атажұрт (Жаңа Айнатас) мектептерінің құрылысы жүргізілді.
2024 жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100,0% құраған, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99,5 % құраған.
Балалар қауіпсіздігі мақсатында бала саны 700-ден асатын 11 мектепке турникеттер орнатылған. 70 мемлекеттік орта білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. 40 білім беру ұйымдары лицензияланған күзет қызметіне өтті. 71 мемлекетік орта білім беру мекемелеріне цифрлық 640 жаңа бейнекамераларға қосымша 450 бейнекамералар алынып, ЦОУға 60 мектеп қосылған. Сонымен қатар, 18 білім беру ұйымдарына қоршау орнатылған.
2023 жылы жалпы білім беру мекемелері 76 мектепті құраған. Оның ішінде: 58–жалпы орта, 5–негізігі орта, 6-бастауыш, 3 – облыстық (2 – Дарын, 1 – Интернат), 4 – жеке меншік (2 –жалпы орта, 2- бастауыш). Жалпы 85 балабақша, оның ішінде мемлекеттік - 5, 8-мемлекеттік сенімгерлік басқару, жекеменшік – 72, барлық тәрбиеленушілер саны– 9 763. 2023 жылы 300 орындық А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі, 150 орындық Амангелді атындағы жббм қосымша мектеп ғимараты пайдалануға берілген.
2022 жылы жалпы білім беру мекемелері 73 мектепті құраған. Оның ішінде: 57–жалпы орта, 5–негізігі орта, 6-бастауыш, 3 – облыстық (2 – Дарын, 1 – Интернат), 2 – жеке меншік (1 –жалпы орта, 1- бастауыш). Жалпы 80 балабақша, оның ішінде мемлекеттік - 5, 8-мемлекеттік сенімгерлік басқару, жекеменшік – 67, барлық тәрбиеленушілер саны– 9 763.2024 жылы 200 орындық П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі және 200 орындық Сырлысай елді мекеніндегі №1 мектебі пайдалануға берілген.
Денсаулық сақтау
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданында 62 денсаулық сақтау мекемелері тұрғындарға қызмет көрсетеді, 1 орталық аурухана, 4 ауылдық аурухана бөлімшесі, 200 адамды қабылдауға арналған емхана бөлімшесі 1, 4 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 10 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт, 25 фельдшерлік-акушерлік пунктері және 1 медициналық жедел жәрдем).
Қазығұрт ауданынында денсаулық сақтау саласында 2022 - 2024 жылдары ана өлімі тіркелмеген.
2022 жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейі көрсеткіш 8,1 (25 бірлікті), 2023 жылы көрсеткіш 7,9 (22 бірлікті) 2024 жылы көрсеткіш -7,8 (18 бірлікті) құраған. Нәрестелер өлімінің деңгейі 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 0,1% - ға төмендеген.
Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 2022 жылы 4,6 көрсеткішті , 2023 жылы- көрсеткіш 4,1 – ті құраған. 2024 жылы көрсеткіш 4,8-құраған. 2024 жылы өлім-жітім 2023 жылға қарағанда -0,7 % - ға жоғарылаған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
2024 жылдың қорытындысы бойынша еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жұмыспен қамту бағытында жастар практикасына- 460, ақылы қоғамдық жұмысқа -734, әлеуметтік жұмыс орындарына – 261, алғашқы жұмыс орындарына -107, «Күміс жас» жобасына 145 адам тартылған.
Ал, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 93 азаматқа мемлекеттік грант берілген.
Тұрақты жұмыспен 3060 азамат жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 4650 жұмыс орындары ашылған. 2021ж-жоқ, 2022ж-1421, 2023ж-1976, 2024ж 1253 жұмыс орны ашылды.
Ұлттық жобалар аясында 993 жұмыс орны ашылып, жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылған. 2022ж- 568 жұмыс орны, 2023ж-205 жұмыс орны, 2024ж-220 жұмыс орны ашылды.
2024 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2023 жылы – 4,9%, 2022 жылы – 5,3%) құрады.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 236 352 теңгені құрады (2023 жылы – 217 093 теңге, 2022 жылы – 211 741 теңге).
Экономикалық белсенді халық саны 47 384 адамды құрады (2023 жылы – 44 220 адам, 2022 жылы – 45 293 адам).
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45 827 адамды құрайды. (2023 жылы - 44 364 адам, 2022 жылы – 42 158 адам).
Негізгі проблемаларды жан-жақты сипаттау
Бәсекелестік артықшылықтары
Мүмкіндіктер
Халықаралық іс-шараларды өткізу салдарынан өңірдің іскерлік имиджі мен инвестициялық тартымдылығының өсуі;