Қазығұрт аудандық құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімінің
2020 жылдың 10 айында атқарған
жұмыстар бойынша ақпарат
Бөлімнің құрылымы
Бөлім қызметкерлерінің жалпы саны 14 адамды құрайды. Оның ішінде:
Басшы – 1 адам;
Орынбасар – 1 адам;
Мамандар – 5 адам.
Нұсқаушы – 7 адам.
Бөлімнің қызметі
Бөлім құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Атап айтқанда:
- объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
- елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және іске асыру;
- жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекітуге ұсыну;
- салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
- "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесін енгізу және толтыру бойынша мониторинг;
- сәулеттік – жоспарлау тапсырмаларын беру;
- аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру;
2020 жылға қаралған қаржы
2020 жылы жалпы 1 103,192 млн. теңге қаралған (о.і. РБ – 58,800 млн.тг., ОБ – 728,451 млн. тг., ЖБ – 342,941 млн. тг.)
Салалар бойынша: бөлімнің ұстау шығындары – 34,156 млн.тг., мәдениет обьектілерін дамыту – 50,790 млн. тг., білім беру обьектілерін дамыту – 916,103 млн. тг., қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік обьектілерін дамыту – 42,983 млн. тг., тұрғын үй сатып алу – 58,800 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен бөлінген қаржының 993,275 млн.тг немесе жалпы қаралған қаржының 100 % игерілді.
Құрылыс жұмыстары бойынша:
Білім беру саласында жалпы 5 нысан, оның ішінде
- 2019 жылдан өтпелі 3 нысан (Ащыбұлақ, Қазығұрт, Ақпарақ),
- а.ж. құрылысына қаралғаны 2 нысан (Әзербаев, Айнатас),
- Білім беру және мәдениет обьектілерін табиғи газбен қамтамасыз ету 6 нысан, оның ішінде:
Мектептер (Алтынтөбе, Қосағаш, Қызылата).
Мәдениет үйлері (Шарбұлақ, Рабат, Алтынтөбе),
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік саласы бойынша 1 нысан (АІІБ әкімшілік ғимараты) .
2020 жылы құрылыс жүргізіліп жатқан 12 нысанның 8-і ағымдағы жылы пайдалануға қабылданды, 4 нысан 2021 жылға өтпелі.
Жобалық-сметалық құжаттар бойынша:
2019 жылы ЖСҚ әзірленіп, бүгінгі таңда сараптама қарауына 6 нысан ұсынылды. Атап айтқанда: мұражай құрылысы, 500 орынды мәдениет үйінің құрылысы, 2 пәтерлі 8 үйдің құрылысы. Ағымдағы жыл соңына дейін сараптама оң қорытындысын алу жоспарда.
ЖСҚ дайын іске асырылмаған жобалар бойынша:
Бүгінгі таңда, бөлім тарапынан жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп сараптама оң қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстары басталмаған 34 нысан. Оның ішінде,
- Білім саласы 11 нысан (300/4, 200/3, 150/2, 100/2);
- Мәдениет саласы 4 нысан;
- Мектептерді газбен қамтамасыз ету 9 нысан;
- Мал тоғыту 5 нысан;
- Мал өлекселерін тастау 5 нысан;
Жалпы құрылыс жұмыстарының құны 11 476,1 млн.тг.
Бөлім тарапынан 10 айлық қорытынды бойынша төмендегі жұмыстарға мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- мекен-жай тіркелімі берілгені 1200;
- СЖТ берілгені 26 (14 кәсіпкерлік, 12 бюджет обьектілері);
- Қабылдау актілерін тіркеу 853;
- Жарнама рұқсат беру – 2;
- Эскиз (эскиздік жобаны) келісуден өткізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша (қызмет көрсету тәртібі: egov.kz «электрондық үкімет» веб-портал арқылы);
Эскиз бойынша атқарылған жұмыстар.
- 2018 жылы эскиздік жобаларды келісуге өтініштер түспеген.
- 2019 жылы 3 эскиздік жобаны келісу бойынша өтініш түскен, 1 өтініш кері қайтарылып, 2 өтініш келісілген, атап айқанда: Қазығұрт е/м, «Болашақ» мөлтек ауданынан 300 орындық мектеп құрылысы (тапсырысшы: аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі); Қазығұрт ауданы, Өгем филиалы туристік және рекреациялық аймағының Азартеке шатқалына қарама -қарсы 059 квартал, 14 жер теліміне демалыс аймағы құрылысы (тапсырысшы: Мырзабаева Хадиша Сайлаубаевна).
- 2020 жылы эскиздік жобаларды келісу бойынша 12 өтініш түскен, аталған 12 өтініштің 2-і келісілді, 10 өтініш ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған (5 өтініш Злавдинова Гузелай Абдивалиевнадан түскен, Қазығұрт е/м, Д.Қонаев көшесі бойынан кәсіпкерлік мақсатында сауда орнын салу құрылысы; 2 өтініш «ҚұрылысСервис-БКК» ЖШС-нен түскен, Ынталы е/м ФАП құрылысы, Қақпақ е/м ФАП құрылысы; 2 өтініш Тастемиров Ыктияр Серикбаевичтен түскен, Сынтас е/м кәсіпкерлік мақсатында құрылыс нысанын салу; 1 өтініш Торебеков Нуркен Жанзаковичтен түскен, Жіңішке е/м сауда орны және банкет залы құрылысы).
Индикатор орындалуы.
Бөлімге қатысты екі индекатор көрсеткішін іске асыру тапсырылған. 2020 жылы Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 19,1 мың шаршы метр. Ал құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 90,0 % (14,4 млрд).
А.ж. қаңтар-қазан айының қорытындысымен 19,0 мың ш.м. (154 үй) пайдалануға берілді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 99,9 % орындалды.
Құрылыс жұмыстары нақты көлемінің индексі қаңтар-қазан айының қорытындысы бойынша 4,826 млрд. Құрап, болжаммен 51% орындалды.
Жер таңдау актілеріне қорытынды беру.
Жыл басынан жер таңдау актісін алу үшін келген өтініш саны – 370.
Жарнама бойынша рұқсат берілгендер.
Жыл басынан бөлімге екі мекемеден жарнамаға рұқсат алған. Екі өтініште электронды түрде алынған.