Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Жиынға комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжіліске аудан әкімі орынбасары Аширбаев Мұхаммедғали төрағалық етіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыланды.
Алдымен денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы нақты шараларға тоқталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралысаласындағы іс-шараларды қаржыландыру кезіндегі тәуекелдер туралы болды.
Сондай-ақ, аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Орынбек Изтай Қазығұрт ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындыларын ұсынды.
Жиын барысында баяндамашылардың ұсыныстары жан-жақты қарастырылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.