Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Қазығұрт ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы филиалының Қазығұрт аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті әзірлеген ақпараттық брошюралар таратылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу жолдары, электрондық қызметтерді пайдалану тәртібі және шағымдану тетіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Іс-шара мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру, халықпен кері байланысты нығайтуға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.