Алтынтөбе ауылы округі, Аққұм елді мекені, Жақсығұл мерген көшесінде №48 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 02 қарашадағы №02-05/327 ұсынысы негізінде Алтынтөбе ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тексеруге өткізілген бір бас иттің бас миының сынамасынан «құтырық» ауруына «оң» нәтиже көрсетуіне байланысты, Алтынтөбе ауылы округі, Аққұм елді мекені, Жақсығұл мерген көшесінде №48 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
Д.Алибаев |
Бұл шешім Түркістан облыстық Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2020 жылғы 12 қарашадағы акті №5881 болып тіркелді.