Қызылқия ауыл округі, Ынталы елді мекенінің тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 39-3 бабынаң 2 тармағына сәйкес, жергілікті маңызы бар аса маңызды мәселелер бойынша қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуіне болады делінген. Осыған орай Қызылқия ауылы округіне қарасты , Ынталы елді мекенініде орналасқан суғармалы жерді конкурсқа ұсыну үшін ауыл тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында, Ынталы елді мекені тұрғындарымен жергілікті қоғамдастық жиын 2020 жылдың 17 қараша  сағат 13:00 де Қызылқия ауылы округі, Ынталы елді мекенінде орналасқан Ынталы жалпы орта мектеп ғимаратында өтетінін хабарлаймыз.

«Қызылқия ауылы округі әкімі аппараты» ММ.

Дата публикации
11 ноября 2020